ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловамен бірге спорттық медицинаны дамыту тұжырымдамасын әзірлеу және спорттық медицина федерациясын құру жөнінде кеңес өткізді.
Министрлер спорттық медицина қызметін ұйымдастыру, спорттық медицина мамандарының қызметін стандарттау, спорттық медицинаның мектеп медицинасын, тамақтануды және т. б. қоса алғанда, басқа қызметтермен және қызмет салаларымен байланысы мәселелерін талқылады.
Сондай-ақ, ведомство басшылары спорттық медицинаны кадрлармен қамтамасыз ету және осы саладағы мамандарды даярлау және үздіксіз кәсіби дамыту жүйесі бойынша перспективалар мен шараларға қатысты пікірлерімен бөлісті.
Талқылау барысында екі министрліктің мамандарын қамтитын жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды, ол спорттық медицинаны дамытудың қағидаттары мен тәсілдері айқындалған жол картасын әзірлеуге тиіс.
Қазіргі уақытта С. Қайырбекова атындағы Үлттық денсаулық сақтауды дамыту орталығының мамандары Қазақстанда спорттық медицинаны дамыту және халықаралық тәжірибені зерделеу бойынша ағымдағы жағдайға талдау жүргізіп жатыр. Жұмыстың қорытындысы спорттық медицинаны дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасының жобасы болады деп жоспарлануда.