Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына

 

2021 жылдың айтулы даталарының бірі – ұлт ұстазы, қазақ балалар әдебиетінің атасы Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығы.

Кел, балалар, оқылық! Қазақтың көрнекті ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің бұл үндеуін әрбір қазақ оқушысы біледі. Жазушы, этнограф, публицист, қоғам қайраткері Ы. Алтынсарин – қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаған тұлғалардың бірі, алғашқы қазақ оқулықтарының авторы.

Қазақ даласында оқу орындарының ашылуы – қайраткердің еңбегінің басты жемісі. Алтынсарин табандылығының, отансүйгіштігі мен адамгершілігінің арқасында 4 екі жылдық орталық орыс-қырғыз мектебін, 1сауда мектебін, 5 болыс және 2 балалар мектебін, сонымен қатар мұғалімдер мектебін құруға қол жеткізіп, халықтың зайырлы білімін қалыптастыра бастады.

Қоғам қайраткері ретінде Ыбырай Алтынсарин қарапайым еңбекшілердің мүддесін қорғауға белсене атсалысты. Осы орайда оның қазақ ауылының әлеуметтік-экономикалық жүйесі мен шаруашылық өмірін өзгертуге арналған еңбектерінің орны ерекше.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы халық жадында мәңгі сақталатын ұлағатты ұстаздың 180 жылдығына орай бейнеролик дайындады.

 

Бейнеролик: Ыбырай Алтынсариның 180 жылдығы