Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасымен 18-24 қараша аралығында Дүниежүзілік микробқа қарсы препараттарды дұрыс қолдану апталығы «Микробқа қарсы препараттар мұқият өңдеуді қажет етеді!» ұранымен өтеді.
Жыл сайынғы іс-шараның басты мақсаты – микробқа қарсы препараттарға төзімділіктің жаһандық проблемасы туралы хабардарлықты арттыру және жұртшылық пен денсаулық сақтау саласындағы қызметкерлер арасында танымал ету, оның одан әрі таралуын болдырмау және төмендету үшін озық тәсілдерді талқылау.
Дүниежүзілік апталық аясында антибиотикке төзімділік мәселелерін жан-жақты талқылау мақсатында 18 қарашасағат 15.00-де Салидат Қайырбекова атындағы ҰҒДСДО-ның Дәрілік заттарды ұтымды пайдалану департаменті ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, үкіметтік емес ұйымдар, медициналық қоғамдастық өкілдерінің, ғылыми қайраткерлердің қатысуымен дөңгелек үстел (онлайн) өткізуді жоспарлап отыр. Дөңгелек үстел барысында микробқа қарсы препараттарға төзімділікпен күресудің негізгі әдістерін анықтау және осы бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу мәселелері сөз болады.
22 қараша сағат 15.00-де ҰҒДСДО Дәрілік заттарды ұтымды пайдалану департаментінің қызметкерлері медицина және фармацевтика саласы қызметкерлері үшін микробқа қарсы препараттарды дұрыс пайдалану мәселелері бойынша семинар (онлайн) өткізеді. Семинар барысында антибиотикке төзімділік және микробқа қарсы ұтымды терапия мәселелері талқыланады.
Барлық мүдделі тұлғаларды қатысуға шақырамыз!