Возможно, это изображение (4 человека)
 
 
Салидат Қайырбекова атындағы ҰҒДСДО Алматы қаласында орналасқан Кореяның денсаулық сақтау индустриясын дамыту институтының (KHIDI) ТМД-дағы өкілдігімен кездесу өткізді.
Кездесу 2021 жылғы 16 тамызда Сеул қаласында өткен ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың KHIDI Президенті Квон Сунман мырзамен кездесуі кезінде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру бойынша одан әрі өзара іс-қимыл шеңберінде өтті.
 
ННЦРЗ-KHIDI кездесуіне басқарма төрағасының орынбасарлары Ерсін Жүнісов, Виталий Койков, Дана Айтуаровалар, ал KHIDI тарапын KHIDI-дің ТМД елдері бойынша директоры Чой Чжун Хи мырза және зерттеуші Сон Су Дин қатысты.
 
ҰҒДСДО-KHIDI кездесуінде талқыланатын негізгі тақырыптардың бірі денсаулық сақтау және жаңа дәрілік препараттармен қамтамасыз ету мәселелеріндегі өзара іс-қимылды дамыту, соның ішінде мультицентрлік клиникалық зерттеулерді дамыту және осы саладағы әлеуетті арттыру, сондай-ақ клиникалық зерттеулерді үйлестіру мәселелері бойынша, оның ішінде «бір терезе» мен клиникалық зерттеулер тіркелімін құру негізінде тәжірибе алмасу болды.
 
Сондай-ақ, тараптар денсаулық сақтаудың инновациялық технологияларын ілгерілету мәселелері бойынша, оның ішінде денсаулық сақтау министрлігінің ҰҒДСДО-ны технологиялық құзыреттердің салалық орталығы ретінде әдіснамалық қолдау шеңберінде өзара іс-қимылдар талқыланды.