МСАК күндері

 

Возможно, это изображение (один или несколько человек и текст)

 

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) деңгейінде түйінді мәселелерді жан-жақты талқылау мақсатында Салидат Қайырбекова атындағы ҰҒДСО ағымдағы жылдың 16-29 қыркүйек аралығында барлық мүдделі тараптардың қатысуымен «МСАК күндері» дөңгелек үстелдер сериясын (онлайн конференция режимінде) өткізеді.

 

Естеріңізге сала кетейік, Орталық базасында адам капиталын дамыту, МСАК-ты қаржыландыру, инфрақұрылымды дамыту, цифрландыруды дамыту, медициналық көмек сапасын жақсарту, амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жетілдіру, мектеп медицинасын дамыту, ауыл халқы үшін МСАК қолжетімділігін арттыру бағыттары бойынша МСАК саласындағы жетекші сарапшылар қатарынан 8 жұмыс тобының жұмысы ұйымдастырылған болатын. Жұмыс топтары осы саладағы проблемалық мәселелерді іздеумен және нақты шешу жолдары мен НҚА деңгейінде қажетті өзгерістермен практикалық ұсынымдар әзірлеумен МСАК сапасына кешенді талдау жүргізді.

 

Жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша МСАК күндері шеңберінде жеке дөңгелек үстел өткізілетін болады.

Осы жұмыстың нәтижелері бойынша МСАК қызметін қысқа және орта мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдерге қайта жүктеу үшін қажетті нақты іс-шараларды көрсете отырып, Жол картасын әзірлеу жоспарлануда.

 

Жұмыс тобына қатысу мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуыңызды сұраймыз: 7 (7172) 700-950 (ішкі.1048).