Орталықта ақылы қызметтерді дамыту бойынша маркетингтік стратегия әзірленді

Возможно, это изображение (текст «стратегическое направление повышение имиджа конкурентоспособности организации. изучение потребности тренды рынка изучение поведения потребителей анализ целевого рынка выбор целевого рынка создание конкурентного преимущества»)

 

Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығында ақылы қызметтерді дамыту бойынша маркетингтік стратегия әзірленді.
Ұйымның имиджін және бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша қызметтің негізгі стратегиялық бағыттары белгіленген. Ол үшін орталық маркетологтары нарықтың қажеттіліктері мен трендтерін, тұтынушылардың мінез-құлқын зерделеуді, мақсатты нарықты талдау мен таңдауды тұрақты негізде жүргізуді жоспарлап отыр.


Орталық  "бір терезе" қағидаты бойынша бөгде ұйымдарға қызмет көрсетумен байланысты барлық рәсімдерді барынша автоматтандыру, онлайн сервистерді дамыту, көрсетілетін қызметтердің бағыттары мен тізбесін кеңейту және Орталық Азия елдерін қоса алғанда, жаңа нарықтарды игеру міндетін қойып отыр.


"Орталық жетекші халықаралық ұйымдармен және әлемнің жетекші елдерінің денсаулық сақтауды дамыту ұлттық институттарымен ынтымақтастықты, оның ішінде өз қызметкерлерінің әлеуетін арттыру, бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері бойынша дамытуды жоспарлап отыр. Бұл жұмыстың нәтижесі озық білімді беру және басқарудың заманауи технологияларын ҚР Денсаулық сақтау жүйесіне енгізу болуы тиіс", - деді бүгінгі кеңесте ақылы қызметтерді дамыту және маркетинг бөлімінің бастығы Жанна Шамбетова.


Бүгінгі таңда орталықта ақылы қызметтер бойынша бірыңғай call-center жұмыс істейді. Ақылы қызметтер бойынша барлық ақпаратты мына нөмір бойынша алуға болады: 8 777 7 700 950