Баланың өмірі мен денсаулығын бірге қорғайық!

Әсіресе, қазіргі балалардың үйден онлайн оқуы кезінде олардың қауіпсіздігін барынша қамтамасыз ету керек. Мұндай кезде күнұзақ үйден шықпай зеріккен баланың әрнәрсені ермек етіп, отпен, сіріңкемен ойнауы, көпқабатты үйлерде терезенің алдына шығып алуы төтенше жағдайға себеп болуы мүмкін.
 
 
Балалар көбінесе жандарында үлкендер болмағанда немесе ата-ана тарапынан тиісті бақылау жүргізілмегенде бақытсыздыққа ұшырайды. Қауіпсіздік ережелерін елемегендіктен, жиі қайталанатын трагедияның бірі – балалардың терезеден құлап кетуі.
 
 
Келесі ережелерді жадыңызда ұстаңыз!