Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы Қазақстандағы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының елдік кеңсесінің өкілдерімен онлайн форматта жұмыс кездесуін өткізді. ДСДРО Басқарма Төрағасы Камалжан Надыров кездесу басында өзара ынтымақтастықтың маңыздылығын және ДДҰ елдік кеңсесінің Қазақстанға көрсетіп отырған қолдауының өзектілігін атап өтті.
Онлайн-кездесуге ДДҰ тарапынан елдік кеңсе басшысы Кэролайн Кларинваль және Денсаулық сақтау бағдарламаларының үйлестірушісі Виталий Стецик қатысты.
ДСДРО-ның ДДҰ-мен және денсаулық сақтауды дамытудың басым салаларындағы басқа да әлеуетті шетелдік әріптестермен одан әрі ынтымақтастығының бағыттары талқыланды.
Ынтымақтастықтың негізгі бағыттары – денсаулық сақтау экономикасы, дәрі-дәрмек саясаты, медициналық сақтандыру, нақты деректер негізінде саясат әзірлеу, ғылымды дамыту және т.б.
Өз кезегінде, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының елдік кеңсенің басшысы Кэролайн Кларинваль Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесін дамыту мен реформалау үшін ДСДРО-ның маңызды стратегиялық рөлін атап өтіп, өзге елдердің табысты тәжірибесін және денсаулық сақтау жүйесін ұйымдастырудың үздік тәжірибелерін ұсыну арқылы ұйымға қолдау көрсетуге дайын екендігін білдірді.