IQVIA өкілдерімен кездесу

2021 жылғы 14 сәуірде Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы IQVIA компаниясымен онлайн кездесу өткізді.

Бұл компания денсаулық сақтау саласындағы инновациялық технологиялық шешімдер мен зерттеу қызметтерінің әлемдік жетекшісі болып табылады.
Кездесу барысында компания өкілдері өз қызметі мен әлемдік тәжірибесі, медициналық қызметтерді цифрландыру саласындағы тиімді және заманауи технологиялық шешімдер туралы ақпарат ұсынды.

 

Өз кезегінде, Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының басқарма төрағасы Камалжан Надыров Орталық қызметінен хабардар етіп, халықтың денсаулығын сақтау және ҚР Денсаулық сақтау жүйесін жақсарту саласында IQVIA компаниясымен бірлескен ынтымақтастыққа дайын екендігін білдірді.
Кездесу соңында тараптар жақын арада өзара іс-қимыл және одан әрі ынтымақтастық жолдарын егжей-тегжейлі талқылауға келісті.