ДСДРО Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өткізетін ұлттық денсаулық сақтау шоттарын жетілдіру жөніндегі жыл сайынғы кездесуге қатысты

 

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) 2021 жылғы 29-31 наурыз, сондай-ақ 5 және 6 сәуір аралығында Ұлттық денсаулық сақтау шоттарын (ҰДСШ) қалыптастыру бойынша елдік үйлестірушілердің жыл сайынғы кездесуін өткізеді. Қазақстанда Ұлттық денсаулық сақтау шоттарын қалыптастырумен және жетілдірумен ДСДРО айналысады. 

Ұлттық денсаулық сақтау шоттары – бұл денсаулық сақтауға арналған шығыстарды түгел қамтитын есепке алу құралы, сондай-ақ негізделген стратегиялық шешімдер қабылдау үшін дәлелді база. ДДҰ ұйымдастырған Ұлттық денсаулық сақтау шоттарының мәселелері бойынша кездесуге ДСДРО Денсаулық сақтау экономикасы бөлімінің бастығы Эльмира Забирова қатысты.

ДДҰ Денсаулық сақтау шоттарының елдік платформасын (WHO health resource tracking platform) әзірледі, ол денсаулық сақтау саласындағы барлық шығындарды институционализациялауға, содан кейін барлық шығындарды бөлуге және аурудың ауыртпалығын талдауға бағытталған.

 

 

Денсаулық сақтау шоттарын құру құралы (HAPT) және денсаулық сақтау шоттарын талдау құралы (HAAT) Денсаулық сақтау шығындарын өндіруге және талдауға арналған елдік платформаның өзегі болып табылады. Мемлекеттік шығыстар туралы деректер елдердің тиісті қаржылық есепке алу жүйелерінен жүктеледі, ал донорлар, ҮЕҰ, сақтандыру агенттері мен жұмыс берушілер үшін автоматтандырылған сауалнамалар HAPT-ке импортталады және a System of Health Accounts 2011 әдістемесінің әртүрлі схемалары мен санаттарымен салыстырылады.

 

«Ағымдағы жылы ДДҰ денсаулық сақтаудың ұлттық шоттарының елдік үйлестірушілерін НАРТ-тың жаңа нұсқасын (Денсаулық сақтау шоттарын құру құралы) оқыту, сондай-ақ денсаулық сақтау саласында түрлі зерттеулер жүргізу үшін осы құралдың мүмкіндіктерін дұрыс пайдалану мақсатында кездесу ұйымдастырды. Қазақстан НАРТ-та ағымдағы жылдан бастап жұмыс істей бастайды. Бұл жұмыстың маңыздылығы мынада: егер бұл құрал дұрыс қолданылса, біз денсаулық сақтау шығындарын аурулар бойынша бөле алатын боламыз. Болашақта аурудың ауыртпалығына талдау жасау мүмкін болады. Сондықтан да шығыстар түгелдей ұлттық шоттарда да көрсетілуі тиіс»,- деп пікір білдірді Э. Забирова.