АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын-алу орталығының Орталық Азиядағы кеңсесі (CDC) өкілдерімен кездесу

 

CDC орталықтарындағы Орталық Азия бойынша өңірлік директоры Дэниел Сингермен кездесу барысында CDC Өңірлік кеңсесінің қызметі және ДСДРО-мен қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық жолдары талқыланды.

 
Возможно, это изображение (4 человека и экран)
 
 
Атап айтқанда, инфекциялық аурулармен күрестің (Сovid-19) озық тәжірибесін ескере отырып, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау инфрақұрылымын жетілдіру, инфекциялық және инфекциялық емес ауруларды зерттеу жөніндегі жобаларды қолдау мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу т.б.
Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының басқарма төрағасы Камалжан Надыров ДСДРО-ның одан әрі даму жолындағы жоспарлардан хабардар етіп, ҚР Денсаулық сақтау жүйесін жақсарту саласында АҚШ ауруларды бақылау және алдын алу орталығымен (CDC) бірлескен ынтымақтастыққа дайын екендігін білдірді.
 
 
Возможно, это изображение (1 человек, стоит и в помещении)
 
 
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ДСДРО CDC халықаралық сарапшыларын тарта отырып, ҚР-да халықаралық медициналық-санитариялық қағидаларды (ХМСҚ) іске асыру бойынша Жол картасын әзірлеуге белсенді қатысқан болатын.