Денсаулық сақтауды реформалауды әдістемелік қолдау жөніндегі Жол картасына қол қойды


 
 
«Атамекен» ҚР ҰКП және Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы 2021 жылға Денсаулық сақтауды реформалауды әдістемелік қолдау жөніндегі Жол картасына қол қойды
 
Жол картасы келесі 7 бағыт бойынша іс-шараларды іске асыруға негізделген:
-электронды денсаулық сақтаудың стандарттары мен реттеушілік базасын дамыту;
- стратегиялық басқару және Денсаулық сақтаудың кадрлық ресурстарын есепке алудың ұлттық жүйесі деректері негізінде адами ресурстарды дамыту;
- Қазақстан Республикасында бәсекеге қабілетті фармацевтикалық өндірісті жерсіндіру үшін қажетті бәсекеге қабілетті өнімді анықтау;
-денсаулық сақтау ұйымдарының желісін, РМК жаңарту арқылы инфрақұрылымды жақсарту тұрғысынан жетілдіру;
- халыққа медициналық көмекті одан әрі дамыту бойынша денсаулық сақтау қызметін әдістемелік қолдау;
- денсаулық сақтау шығындарының тиімділігін арттыру;
- телемедицинаны (пациент-дәрігер, дәрігер-дәрігер) кеңінен енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу.
 
 
 
«Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы денсаулық сақтауды реформалауды әдістемелік қолдау тұрғысынан «Атамекен» ҰКП-мен белсенді ынтымақтастықты көздейді. 2021 жылға әзірленген Жол картасының түпкі мақсаты – ҚР медицина саласындағы түйткілді мәселелерді шешу және саланы дамытуда медициналық ұйымдар мен қызметкерлерінің тиімділігін жоғарылату негізінде медициналық көмектің сапасын арттыру болмақ», – деді Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының басшысы Камалжан Надыров.
«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева қол қойылған Жол картасы ағымдағы жағдайға талдау жүргізу, сондай-ақ денсаулық сақтау саласында жұмыс істеп жатқан бизнес-қоғамдастық өкілдерінің ұсыныстары негізінде әзірленгенін атап өтті.
 
 
 
Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығымен жасалған Жол картасы – осы жылға бағытталған іс-әрекеттер жоспары. Жеке медициналық қоғамдастық пен «Атамекен» ҰКП халыққа көрсетілетін медициналық қызметтерді одан әрі дамыту және инфрақұрылымды жақсарту жөніндегі жұмыстарға белсенді қатысуға дайын», – деді Юлия Якупбаева.