ҚР ДСМ ДСДРО Экономика және денсаулық сақтау технологияларын бағалау орталығының басшысы Әділет Табаров «Орфандық аурулар терапиясының заманауи аспектілері» тақырыбында өткен онлайн-конференцияға қатысты.
Ә.Табаров «Орфандық аурулар бойынша клиникалық хаттамаларды уақытылы қайта қарау мәселелері. Орфандық аурулардың және оларды емдеуге арналған дәрілік заттардың тізбесін қалыптастыру қағидаларын талқылау» тақырыбында сөз сөйледі.
– Конференцияны «Еуразия медициналық ассоциациясы» ЗТБ ұйымдастырды. Мен орфандық аурулар мен орфандық дәрілік заттарға қатысты нормативтік құқықтық база – тізбелерге, клиникалық хаттамаларға енгізу тәртібі, тіркелмеген препараттарды қолдану тәртібі, оларды одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу туралы айтып бердім, – деп бөлісті ДСДРО Денсаулық сақтау технологияларын бағалау және экономика орталығының басшысы Әділет Табаров. – Конференцияда орфандық аурулары бар науқастарға медициналық және әлеуметтік көмек көрсетумен байланысты мәселелерді қамтитын кең ауқымды мәселелер, сондай-ақ ұлттық және өңірлік деңгейлерде орфандық аурулары бар пациенттерді диагностикалау, емдеу және оңалту бойынша Қазақстанның әртүрлі денсаулық сақтау құрылымдарының жұмысын ұйымдастыру талқыланды. Форум барлық мүдделі тұлғалардың күш-жігерінің тиімділігін арттыруға бағытталған.Мұндай тәсіл қажетсіз бәсекелестікті жояды, барлық деңгейлерде қабылданған күш-жігерді біріктіруге және барлық бастамаларды ескеруге мүмкіндік береді.
Онлайн-конференция жұмысына орфандық ауруларды диагностикалау мен емдеуді ұйымдастыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасында орфандық дәрілік заттарды бағалау мәселелерімен айналысатын жетекші сарапшылар мен мамандар қатысты («Қазақстандық гематологтар дәрігерлер қоғамы» РҚБ, «Қазақ иммунитет тапшылығы қоғамы», Қоғамдық бірлестігі, «UMC» КҚ Республикалық диагностикалық орталығының филиалы, «Гематология орталығы» ЖШС, ҚазҰМУ С. Д. Асфендияров атындағы университеті, ҚР ДСМ ҒЗТКЖ және ДБ, «Help Today» ҚҚ).