ҚР ДСМ ДСДРО Дәрілік заттарды ұтымды пайдалану орталығы (ДЗҰПО) 2017-2019 жылдар аралығында ДДҰ «Access, Watch and Reserve» (AWaRe 2019) жіктеуі бойынша антибиотиктерді тұтыну бойынша зерттеу жүргізді.
Осы зерттеу негізінде швейцариялық рецензияланатын «Antibiotics» журналында JCR: 23/93 (Q1) «Infectious Diseases» (Инфекциялық аурулар) және 64/270 (Q1) in «Pharmacology & Pharmacy» (Фармакология және фармация) бойынша ДДҰ-ның «Аccess, Watch and Reserve» жіктемесі негізінде «2017-2019 жылдар кезеңінде Қазақстанда антибиотиктерді пайдалануды бағалау» тақырыбына ғылыми мақала жарияланды.
Мақала авторлары – Дәрілік заттарды ұтымды пайдалану орталығының басшысы (ДЗҰП), м.ғ. к., PhD, жоғары санатты дәрігер Гүлзира Жүсіпова, Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярының бас редакторы, ауруханалық басқару бойынша іскерлік әкімшілендіру магистрі (МВА) Динара Өтепова, Ұтымды фармакотерапия бөлімінің бастығы Сәуле Жалдыбаева, ДСДРО бас директоры, іскерлік әкімшілендіру магистрі (МВА), қоғамдық денсаулық сақтау магистрі (MPH) Қанат Төсекбаев.
Зерттеу жүргізудегі мақсат – ДДҰ жіктемесі негізінде жүйелі пайдалану үшін антибиотиктерді тұтынуға салыстырмалы талдау жүргізу. Онда «Қол жеткізу», «Бақылау» және «Резерв» антибиотиктерінің негізгі санаттары айқындалған (AWaRe 2019). Антибиотиктерді қабылдауды бағалау ДДҰ ATC/DDD әдістемесін қолдану арқылы жүргізілді.