Кеңеске ЕРДО болжамдау және сандық еңбек делдалдығы департаменттерінің және ДСДРО Денсаулық сақтау менеджменті және кадрлық ресурстар орталығының өкілдері қатысты.
Бұған дейін 2019 жылдың наурыз айында ЕРДО мен ДСДРО арасында медициналық білімі бар түлектерді «Enbek.kz» электрондық еңбек биржасының көмегімен дербес бөлу және олардың тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналасуына жәрдемдесу мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы Меморандум жасалды.
Сондай-ақ, ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 871 бұйрығымен ДСДРО Денсаулық сақтау саласындағы кадр ресурстары жөніндегі Ұлттық үйлестіруші болып белгіленді. Денсаулық сақтау саласындағы кадр ресурстары жөніндегі ұлттық үйлестіруші уәкілетті органның ғылыми негізделген басқарушылық шешімдер қабылдауы, оның ішінде денсаулық сақтау саласындағы адами ресурстарды жоспарлау және болжау бағыты бойынша республикадағы денсаулық сақтаудың кадр ресурстарының жай-күйі мен дамуын есепке алуды, мониторингтеуді, талдауды жүзеге асырады.
Кеңес барысында ЕРДО және ДСДРО өкілдерімен келесі мәселелер талқыланды:
- ЕРДО тәжірибесі мен мүмкіндіктерін, сондай-ақ денсаулық сақтаудың кадрлық ресурстарын жоспарлау мен болжамдаудың ағымдағы жағдайын және ДСДРО алдында тұрған тиісті міндеттерді ескере отырып, ҚР Денсаулық сақтау саласындағы еңбек ресурстарын жоспарлау және болжамдау мәселесі бойынша ынтымақтастықты жолға қою мүмкіндігі;
- www.enbek.kz порталдың функционалдық және техникалық мүмкіндіктерін одан әрі жетілдіруді ескере отырып, алынған тәжірибе негізінде ЖОО түлектерін тұрақты жұмыс орнына бөлу бойынша ДСДРО мен ЕРДО арасындағы өзара іс-қимылдың алдағы перспективалары және тиісті нормативтік құқықтық базаны әзірлеу.