18-24 қарашасы аралығында микробқа қарсы препараттарды дұрыс қолдану апталығы басталды

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасы бойынша 18-24 қараша аралығында микробқа қарсы препараттарды дұрыс қолдану апталығы басталды. Биыл Дүниежүзілік апталық «Микробқа қарсы препараттар мұқият қолдануды талап етеді!» ұранымен өтуде.

Дүниежүзілік апталығы аясында Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығында микробқа қарсы тұрақтылықпен күрестің негізгі әдістерін анықтау және одан арғы іс-шаралар жоспарын әзірлеу мақсатында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, үкіметтік емес ұйымдар, медициналық қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен онлайн түрде дөңгелек үстел өтті.

– Антибиотиктерге төзімділік – қоғамдық денсаулық сақтауға төнген ауыр қатерге айналды. Антибиотиктерді бақылаусыз қолдануға жауапсыз қараудың нәтижелері бүгіннен-ақ көрінеді: туберкулездің резистентті түрлерінің дамуы, пневмония кезінде емдеуге жауаптың болмауы, ішек және венерологиялық инфекциялардың өсуі, – дейді Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы  Дәрілік заттарды ұтымды пайдалану орталығының басшысы, м.ғ.к., PhD Гүлзира Жүсіпова. – Антибиотикке төзімділік проблемасы covid-19 пандемиясы кезеңінде ерекше өзектілікке ие болды.

 

Дөңгелек үстел барысында ДДҰ Елдік кеңсесінің COVID-19 қарсы күрес шаралары жөніндегі техникалық кеңесшісі Виталий Стецик «COVID-19 пандемиясы кезінде микробқа қарсы препараттарға төзімділік» тақырыбында баяндама жасады.

Назарбаев Университетінің NLA жетекші ғылыми қызметкері, М.ғ.д., профессор Александр Гуляев «Covid-19 кезінде антибиотиктерді қолданудың қауіптері мен ықтимал пайдасы» тақырыбында баяндамасын ортаға салды.

«Астана медицина университеті «КЕАҚ клиникалық фармакология кафедрасының доценті, м.ғ. к., PhD Лариса Макалкина фармацевтің антибиотикке төзімділік құрамындағы рөлі туралы айтып берді.

ЮНИСЕФ Қазақстан консультанты, Молекулярлық биология және вирусология саласындағы PhD докторы (Страсбург университеті) Әсел Мұсабекова «COVID-19 кезіндегі Азитромицин: антибиотик қана емес» тақырыбында баяндама жасады.

«БД алынған антибиотиктерді тұтынуды бағалау нәтижелері» тақырыбына ДСДРО дәрілік заттарды ұтымды пайдалану орталығының басшысы, М.ғ. к., PhD Гүлзира Жүсіпова жан жақты тоқталды.

 

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша ұсыныстар талқыланып, қарар қабылданды.