ХАБАРЛАНДЫРУ

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық қызмет көрсету сапасы жөніндегі Бірлескен комиссия құрамына үміткерлерді таңдау туралы.

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі (бұдан әрі - ҚР ДСМ) ҚР ДСМ медициналық қызмет сапасы жөніндегі біріккен комиссиясының (бұдан әрі - Комиссия) мүшелігіне кандидаттарды іріктеуді жүргізуде.  

Комиссия ҚР ДСМ жанындағы тұрақты жұмыс істейтін консультативтік-кеңесші орган болып табылады және Кодекстің 25-бабына сәйкес стандарттауды, клиникалық хаттамаларды, Денсаулық сақтау саласындағы көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін бақылау жүйесінің стандарттарын, сондай-ақ субъектілерді аккредиттеуді жетілдіру жөніндегі ұсынымдарды тұжырымдау үшін құрылған.

Комиссия мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың (бұдан әрі – ҮЕҰ), мемлекеттік және мемлекеттік емес денсаулық сақтау ұйымдарының өкілдерінен тұрады. Комиссия құрамындағы мемлекеттік органдардың өкілдері Комиссия мүшелері жалпы санының үштен бірінен аспайды. Әрбір ҮЕҰ-дан, мемлекеттік және мемлекеттік емес денсаулық сақтау ұйымдарынан комиссия құрамына бір ғана өкіл енгізіледі.

Іріктеуге қатысу үшін үміткерлер жұмыс тобына келесі құжаттарды ұсынуы қажет:

1) еркін нысандағы өтініш;;

2) өмірбаян деректерін көрсете отырып, кәсіби және (немесе) қоғамдық қызмет туралы мәліметтерді қамтитын, фотосуреті және байланыс деректері (телефоны, электрондық мекенжайы) бар түйіндеме);

3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

4) жоғары медициналық білімі туралы дипломның көшірмесі;

5) денсаулық сақтау саласында кемінде бес жыл жұмыс өтілін, оның ішінде басшылық лауазымдарда жұмыс өтілін және (немесе) мемлекеттік қызметте жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттың; ғылыми дәреже беру туралы құжаттың және (немесе) дипломның көшірмесі (бар болса);

6) соттылығының жоқтығын, оның ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда соттылығының жоқтығын растайтын құжат;

7) психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдарда диспансерлік есепте тұрғаны немесе тұрмағаны туралы растайтын құжат.

ҮЕҰ-дан кандидаттар ҮЕҰ-ға мүшелігін растайтын құжатты ұсынады.

 

Комиссия мүшелігіне кандидаттардан құжаттар 2020 жылдың 23 қарашасына дейінгі мерзімде мына мекенжай бойынша қабылданады: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан Республикасы 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, Министрліктер Үйі, 5-кіреберіс, немесе электрондық мекенжай: g.kakanova@dsm.gov.kz. анықтама телефоны: 743661, 743631, 743502.