Бүгін, 6 наурыз күні, ДСДРО Бас директоры Қанат Тосекбаев Израиль Мемлекетінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Лиат Вексельман ханыммен кездесу өткізді. Осы кездесу барысында тараптар Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау жүйесін дамытудың өзекті мәселелерін талқылады. Онда әлеуетті ынтымақтастық мәселелері, сондай-ақ жақын болашақтағы жоспарлар айтылды.
Қанат Тосекбаев елшіге ДСДРО жүзеге асырып жатқан жобаларды таныстырды, өз қызметі туралы айтты. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасында медициналық саланы дамытудың жаңа үрдістерімен таныстырды.
Өз кезегінде Лиат Вексельман ханым өз елінің Денсаулық сақтау жүйесі туралы айтып берді. Атап айтқанда, Израиль Мемлекетінің медициналық сақтандыру, Туризм және зерттеу-ғылыми саласы туралы ақпаратпен бөлісті.
Тараптар Израильдің жоғары дамыған Денсаулық сақтау жүйесі мен Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесін өзара іс-қимыл дамыту бойынша қызығушылық танытады, және болашақта бұл бірқатар жобаларды жүзеге асыруға әкелуі мүмкін деген пікірге келді.