Мемлекеттік денсаулық сақтауды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау көрсеткіштерін, балалардың дамуы мен әл-ауқатын жақсартуға бағытталған алғашқы медициналық-санитарлық көмекті патронаждаудың (бұдан әрі - МСАК) әмбебап прогрессивті моделі енгізілуде.
Бұл модельді ДДСҰ және ЮНИСЕФ ұсынған, медициналық-әлеуметтік бағдар моделі ретінде, МСАҚ жеткізудің заманауи талаптарына сәйкес келеді.
Жаңа модель әдіснамасына сәйкес, балалар арасында өлім мен сырқаттанушылықтың төмендеуіне әсер ететін негізгі факторлар - ерте анықтау, антенаталдық бақылау, жүкті әйелдер мен 5 жасқа дейінгі балалардың үйіне бару болып табылады.
Балалардың ерте дамуына, әлеуметтік және психологиялық қауіп-қатерлеріне бақылаудың жаңа құралдары, балалар мен отбасыларда анықталған қажеттілікке байланысты патронаттық медбикелер мен әлеуметтік қызметкерлерге қызметін тиімді жоспарлауға көмек етеді.
Патронат қызметкері қандай-да бір себептерге байланысты медициналық және әлеуметтік қызметтерге қол жетімділігі төмен отбасыларға (мигранттар, мәдени немесе діни көзқарастар, қиын жағдайдағы отбасылар, әлеуметті астыртын және басқалар) қажетті ақпарат пен сапалы қызметтерді көрсете алады.
Патронаттық қызмет көрсету үрдісінде ата-аналар мен барлық отбасы мүшелері, баланың денсаулығына, дамуына, қауіпсіздігі мен амандығына қатысты қауіптерді жою бойынша жоспарлау шараларына қатысуға, шешім қабылдауға, сенімді және толыққанды ақпарат алуға мүмкіндік алады.
«Медициналық-санитариялық алғашқы көмек деңгейіндегі жүкті әйелдер мен жас балалар үшін патронажды қызметтің әмбебап прогрессивті моделі» алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарына енгізу жөніндегі нұсқаулыққа сілтеме.