ДСДРО-да P4H Халықаралық желісінің Басқарушы тобының кездесуі өтті, оның барысында Желінің 2020 жылға арналған міндеттері анықталды

2019 жылғы 23-24 қазанда Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығында Қаржыландыру саласындағы серіктестік ынтымақтастық жөніндегі  халықаралық желінің Providing For Health (P4H)Басқарушы топтарының кездесуі өтті.

 

Дүниежүзілік Банк, Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы (WHO), Германияның Халықаралық Ынтымақтастық Ұйымы (GIZ), Жаһандық қаржыландыру қоры (GFF), Халықаралық еңбек ұйымы (ILO), Медициналық көмектің сапасын сараптау және бақылау орталығы, Швейцария даму және ынтымақтастық жөніндегі агенттігі сияқты ұйымдардың басшылары мен денсаулық сақтауды қаржыландырудың жетекші мамандары, сондай-ақ бақылаушылары Басқару тобының мүшелері болып табылады.

 

Жиналысты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Жауапты хатшысы Ботагөз Шаймарданқызы Жақселекова ашты.

Мүшелер Денсаулық сақтау қызметтерімен жаппай қамтуға қол жеткізу жөніндегі саяси декларацияны, Жаһандық іс-қимыл жоспарын және келесі жылға арналған желі мен стратегияны дамытудың көптеген ішкі жұмыс мәселелерін талқылады.

 

Іс-шара барысында ДСДРО бас директорының м.а. Зарина Темекова мен ҚР ДСМ Стратегия және халықаралық ынтымақтастық департаменті директорының м. а. Айнұр Айыпханова Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Шорановтың ДДҰ-дағы денсаулық сақтау, басқару және қаржыландыру жүйелері жөніндегі директор доктор Аньес Сокатпен диалогын ұйымдастырды.

 

Р4Н Денсаулық сақтау және денсаулықты әлеуметтік қорғауды қаржыландырудың жаһандық желісі болып табылады. Желі Германия мен Францияның Денсаулық сақтау ұйымдарының бірлескен күшімен құрылған, оған кейіннен Швейцария мен басқа да елдер қосылды. P4H 2007 жылы құрылған сәттен бастап денсаулық сақтау мен денсаулықты әлеуметтік қорғауды қаржыландыруды жақсарту арқылы ДСҚЖҚ -ны ілгерілетеді. Желінің мақсаты – денсаулық сақтауды қаржыландырудағы тәжірибемен алмасу.

Желі жаһандық және жергілікті серіктестер үшін ең жақсы үйлестіру мен байланысты қамтамасыз ететін өзгерістер агенті болып табылады.