ДСДРО медициналық туризмді дамыту бойынша Қазақстанның негізгі МҰ-мен селекторлық кеңес өткізді

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігінің тапсырмасы бойынша ҚР ДСМ Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы ҚР ДСМ Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы базасында селекторлық кеңес ұйымдастырды, онда ҚР-да медициналық туризмді дамыту бойынша маркетингтік зерттеу жүргізу мақсатында негізгі медициналық ұйымдардың өкілдерімен саланы дамыту мәселелері талқыланды. 

 

Іс-шараға Қазақстанның бірқатар негізгі медициналық ұйымдары қатысты: 

 

– Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы;

- Ұлттық нейрохирургия орталығы;

– ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасы;

- Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты;

- 2 Қалалық көпсалалы аурухана;

- "UniversityMedicalCenter" Корпоративтік Қорының филиалдары»:

    ·  Республикалық диагностикалық орталық,

    ·  Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы,

    ·  Балаларды оңалту ұлттық орталығы; 

–Түркістан облысы ДСБ Облыстық кардиология орталығы;

- Түркістан облысы ДСБ Облыстық клиникалық ауруханасы;

- Жамбыл облысы ДСБ Жамбыл облыстық балалар ауруханасы;

 - Алматы қаласының ДСБ 4 Қалалық клиникалық ауруханасы.  

 

Кеңес барысында ҚР-да медициналық туризмді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды. Әр қатысушымен қазіргі проблемалар, сондай-ақ саланы одан әрі дамыту жөніндегі ұсыныстар айтылды. 

 

Талқылау қорытындысы бойынша ҚР-да медициналық туризмді дамыту бойынша маркетингтік стратегияны әзірлеу кезінде пайдаланылатын маркетингтік зерттеу жасалады.