БҰҰ Бас Ассамблеясының аясында, Қазақстан мен АҚШ денсаулық сақтау министрліктері бірігіп, МСАК тақырыбында қосымша шара өткізді

БҰҰ Бас Ассамблеясының аясында, 23 қыркүйек күні Қазақстан мен АҚШ денсаулық сақтау министрліктері бірігіп, медициналық-санитарлық алғашқы көмек (МСАК) тақырыбында қосымша шара өткізді.

 

Шараға қатысқандар арасында:
- Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының, БҰҰ Балалар Қорының, Халықаралық телекоммуникация одағының бірінші басшылары;
- Қазақстан, АҚШ, Бразилия, Гана, Нидерландтар, Сингапур елдерінің Денсаулық сақтау Министрлері және Греция Вице-министрі;
- Дүниежүзілік Банк, Дүниежүзінің отбасы дәрігерлерінің ассоциациясы және МСАК жас лидерлері ұйымдарының басшылары болды.

 

Жоғары деңгейдегі ашылу бөлімін ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты ДСДРО басшысы Айнұр Айыпxанова модератор ретінде жүргізді.

 

Қатысушылар медициналық қызметпен қамтуға және БҰҰ тұрақты даму мақсаттарына жетудегі медициналық-санитарлық алғашқы көмектің ерекше рөлін атап өтті. Сонымен қатар, 2018 жылы Астанада өткен МСАК жайлы Жаhандық конференцияның сәтті өткізілуі мен әлемде МСАК тақырыбын қолдаудағы көшбасшылық жұмыс үшін Қазақстанға алғысын айтты.

 

Келесі қадамдар: МСАК орындау жоспарын қабылдау; әрбір мемлекетте медициналық алғашқы көмекті күшейту; екімді қалдырмай, әр адамның денсаулығына жол ашу -- осының бәрі Астана Декларациясын орындау арқасында жүзеге асырылады!