9-13 қыркүйек аралығында ДСДРО Германия, Бонн қаласындағы Р4Н желісі үйлестіру тобының кездесуіне қатысты.
Талқылаулар мен келіссөздерге қатысу барысында Р4Н желісі мен үйлестіру тобының қатысушылары стратегиялық жоспар мен жұмыс бағдарламасын талқылауды, денсаулық сақтауды қаржыландыруға жеке секторды тартуды, саяси экономика құралын әзірлеуді, цифрлық платформаны тиімді пайдалануды жүргізді, сондай-ақ Германияның Экономикалық ынтымақтастық және даму федералдық министрлігінің өкілдерімен кездесті (Bundesministerium für wirtschaftliche Zusammenarbeit und Entwicklung, BMZ).
Также участники обсудили предстоящую встречу «Steering group», которая пройдет в городе Нур-Султан в октябре 2019 года.
ДСДРО P4H базасында денсаулық сақтауды қаржыландыру саласындағы әріптестік ынтымақтастық секторының меңгерушісі Арыстан Молдажанов фасилитация түрінде келіссөздер жүргізді, сондай-ақ «Openimis»денсаулық сақтауды қаржыландыруды бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану мүмкіндігін талқылады.
Р4Н денсаулық сақтау мен денсаулықты әлеуметтік қорғауды қаржыландырудың жаһандық желісі болып табылады. Желі Германия мен Францияның денсаулық сақтау ұйымдарының бірлескен күшімен құрылды, оған кейін Швейцария мен басқа да елдер қосылды. 2007 жылы құрылған сәттен бастап P4H денсаулық сақтау мен денсаулықты әлеуметтік қорғауды қаржыландыруды жақсарту жолымен ДСҚЖҚ-ны ілгерілетеді. Желі мақсаты – денсаулық сақтауды қаржыландырудағы тәжірибемен алмасу.
Желі жаһандық және жергілікті серіктестер үшін ең жақсы үйлестіру мен байланысты қамтамасыз ететін өзгерістер агенті болып табылады.