ДСДРО жанынан құрылған ауылдық медицинаны дамыту тұжырымдамасын әзірлеу жөніндегі Жұмыс тобы аудандық ауруханаларға барады

Кеше ДСДРО Бас директоры Айнұр Айыпханова бастаған пәнаралық топ аудандық ауруханаларын аралауды бастады. 24 шілдеде Ақмола облысының ауылдық медициналық ұйымдарға барды: Астрахан аудандық ауруханасы және Атбасар ауданаралық көпбейінді ауруханасы.

 

Жұмыс тобы 15 шілдеде Ауылдық медицинаны дамыту тұжырымдамасын әзірлеу шеңберінде құрылған. Медициналық ұйымдарға баруға ДСДРО қызметкерлері: Бас директор Айнұр Айыпханова, инфрақұрылымды және МЖӘ-ні дамыту орталығы басшысының орынбасары Азамат Дүйсенов, кадрлық обсерватория басшысы Ольга Демушкан, аккредиттеу (сыртқы кешенді бағалау) бөлімінің бастығы Сәуле Нұрманова, МСАК бөлімінің бастығы Гүлжан Мұханова және Стратегиялық даму орталығының бас талдаушысы Алмат Джувашев қатысады.

 

Аудандық медициналық ұйымдарға бару шеңберінде жұмыс тобының қатысушылары ауруханалардың қызметкерлерін 2020-2025 жылдарға арналған жаңа Мемлекеттік бағдарлама жобасымен, ауылдық медицина жөніндегі Тұжырымдама жобасымен таныстырды. Ауылдық медицина жөніндегі Тұжырымдаманы әзірлеу шеңберінде пысықталатын практикалушы дәрігерлер мен медбикелердің ұсыныстары жиналды.

 

Мамандар «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру ерекшеліктерімен және нақты ауылдық медициналық ұйымдарда Үйлестіру кеңесінің бес бағытымен, сондай-ақ осы ұйымдарда кадрларды тарту және ұстап қалу тәсілдері туралы танысты.

 

Мысалы, Астрахан АОА-да неғұрлым сұранысқа ие мамандар үшін сараланған еңбекақы төлеу мүмкіндігі қарастырылған, бұл қазірдің өзінде экономика бойынша орташа жалақыдан 2 есе жоғары жалақыға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, ұйымда еңбекақы төлеу туралы жаңа ережені әзірлеу жұмыстары жүргізілуде.

 

Атбасар ауданаралық көпбейінді ауруханасында жас мамандар жұмыс басталғаннан кейін тәлімгерлерге бекітіледі, олар қысқа мерзімде өз бетінше жұмыс бастамас бұрын қажетті практикалық дағдыларды алуға көмектеседі. Осылайша, жалпы практика дәрігері алдымен тар бейіндегі дәрігерлердің түрлі кабинеттерінде жұмыс істейді, тәлімгермен бірге әр түрлі бейіндегі пациенттерді қарау тәжірибесін игере отырып, бұдан кейін ЖПД ретінде қабылдау жүргізуді бастайды.

 

Жалпы, ауылдық ауруханаларда жас мамандар үшін қолайлы жағдай жасалуда, олардың тұрғын үй алуға және қойылған кәсіби мақсаттарды жүзеге асыруға мүмкіндігі бар.

 

Ақмола облысында жұмыс тобының баратын тағы 4 аудандық аурухана белгіленген. Тамыз айында ДСДРО қызметкерлері Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстарындағы ауылдық мамандардың жұмыс ерекшеліктерімен танысады.