ДСДРО көшбасшылық, корпоративтік басқару және HR-технологиялары бойынша оқу семинарларына топ жасақталып жатқанын хабарлайды

Сіздерді «Денсаулық сақтау жүйесіндегі корпоративтік басқару», «Денсаулық сақтау жүйесіндегі менеджментті және корпоративтік басқаруды дамыту» оқыту семинарларына, «Медициналық ұйымдардың басшылары үшін көшбасшылық», «Өзгерістерді басқару», «Коммуникатік дағдылар» және « Кадр ресурстарын басқарудың заманауи технологиялары » дайындау бойынша тренингтерге қатысуға шақырамыз.

 

Бағдарламалардың қатысушыларына корпоративтік басқару негіздері, менеджмент пен көшбасшылықты дамыту, кадрлық қамтамасыз ету және HR менеджмент жөніндегі оқыту бағдарламалары қолжетімді болады.  Семинарлар аясында сертификатталған жаттықтырушылар үздік халықаралық тәжірибелерді ескере отырып, персоналды басқарудың интеграцияланған тәсілі туралы айтып, қатысушылардың басқарушылық қасиеттерін дамытуға ықпал етеді, қатысушылардың бейінді бағыттарындағы ең үздік әлемдік тәжірибелері мен үдерістері туралы айтады.

 

Кеңес алу және қатысу туралы өтініш беру үшін мына телефон арқылы: + 7(7172) 700-950 (ішкі 1087),  Нұр-Сұлтан  қ. немесе 87024677308@mail.ru E-mail бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз.