2019 жылғы 28 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында «ARiF’19» тәуекелдерді басқару саласындағы бірінші халықаралық практикалық форум өтті.
Форумға Қазақстан және жақын шетел ұйымдарының өкілдері қатысты: «Делойт және Туш ТМД» АҚ, «Газпром» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, ДСДРО және т. б.
Іс-шара барысында спикерлер қазақстандық ірі компаниялардың: «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС, «ГАЗПРОМ» АҚ, «ERG» ЖШС, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және т. б. тәуекелдерді басқару саласындағы соңғы үрдістер туралы айтып берді.