«Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» ШЖҚ РМК және Денсаулық сақтаудағы ғылыми зерттеулер жөніндегі өңірлік оқу орталығы «Имплементациялық зерттеулер (Implementation Research)» халықаралық тренингіне тыңдаушылар қабылдайтындығын жариялайды.
Тренинг ДСДРО базасында 2019 жылғы 26-29 тамыз аралығында Гана университетінің қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің жаттықтырушылар, профессор Филлис Дако-Гайк (Phyllis Dako-Gyeke) және профессор Эммануэль Асампонг (Emmanuel Asampong) қатысуымен өткізілетін болады.
Осы халықаралық тренинг шеңберінде қазақстандық зерттеушілердің арасынан қатысушыларға клиникалық медицина, қоғамдық денсаулық сақтау, мейіргер ісі, денсаулық сақтау менеджменті саласындағы ғылыми зерттеулер мен жаңа технологиялар нәтижелерін практикаға енгізуге бағытталған имплементациялық зерттеулер (бұдан әрі – ИЗ) жобаларын әзірлеу процесімен танысуға мүмкіндік беріледі.
«Имплементациялық зерттеулер» халықаралық тренингі ИЗ бойынша табысты жобаларды әзірлеу және ұсыну мәселелеріне қатысушыларды дәйекті түрде енгізуге бағытталған. Тренингті ДДҰ-ның танымал жетекші сарапшылары өткізеді, олар қатысушыларды ИЗ негізгі қағидаттарымен, соның ішінде келесі мәселелерді таныстырады:
- денсаулық сақтаудың әр түрлі жағдайларында проблемаларды анықтау;
- қолданыстағы стратегиялардың сәйкестігін бағалау,
- қоғамдастықтармен және мүдделі тараптармен бірлесіп жаңа араласулар мен стратегияларды әзірлеу;
- имплементациялық зерттеу тақырыбын нақтылау;
- зерттеу жобасының ғылыми негізделген дизайнын әзірлеу.
Тренинг қатысушылары ИЗ нәтижелерін анықтауды, тиімділікті бағалауды және денсаулық сақтау жүйесінде әдістер мен технологияларды енгізу ауқымын арттыру бойынша жоспарлар құруды үйренеді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын қоса алғанда, көптеген халықаралық ұйымдар практикалық денсаулық сақтауға емдеудің, алдын алудың және оңалтудың жаңа әдістерін, сондай-ақ медициналық қызметтерді басқарудың жаңа технологиялары мен әдістерін енгізудің тиімділігін бағалаудың негізгі тетіктерінің бірі ретінде ИЗ ұлттық және өңірлік деңгейлерінде дамыту қажеттілігін көрсетеді.
Имплементациялық зерттеулер денсаулық көрсеткіштерін жақсарта алатын және дәлелдемелерге негізделген шешімдерді іздеу және тестілеу бойынша ғылыми әдістерді қолдана отырып, нақты жағдайларда ұлттық денсаулық сақтау жүйесі тап болатын практикалық мәселелерді тиімді шешуге мүмкіндік береді.
4 күндік тренингке қатысу құны – 40844 (қырық мың сегіз жүз қырық төрт) теңге (сертификат беріледі).
Семинардың жұмыс жүргізу тілі – ағылшын тілі.
Тыңдаушылар орындарының саны шектеулі.
Қатысуға тілек білдірушілер 2019 жылғы 16 тамызға дейін бекітілген нысанға сәйкес ақпараты saussakova.s@mail.ru электронды поштаға ұсынуға сұраймыз.
Қосымша сұрақтар бойынша мына телефонға хабарласыңыз: 8 7172 700 950 (1099).