11 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласында Британдық медициналық журнал (BMJ) Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығымен бірлесіп Қазақстанда BMJ-дің «Клиникалық шешімдерді қабылдауды қолдау (CDS)» бастамасын ресми түрде іске қосты.
Іс-шара Ұлыбритания елшінің, ҚР-дағы АҚШ миссиясы басшысының орынбасары, DTRA (АҚШ) өкілдерінің, BMJ компаниясы басшылығының, басқа да халықаралық ұйымдардың, сондай-ақ Қазақстанның медициналық ұйымдарының, ҒЗИ, ҒО және медициналық университеттері басшыларының қатысуымен Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаеваның басшылығымен өтті.
Іс-шара аясында BMJ компаниясы мен Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың АҚШ-қа жұмыс сапары барысында DTRA және BMJ өкілдерімен кездесуі аясында 2019 жылғы 22 ақпанда білім беру бастамасына Қазақстанның қатысуы расталған болатын.
Клиникалық шешімдерді қабылдауды қолдау жөніндегі бастама (CDS) ұлттық денсаулық сақтау жүйесін нығайту үшін үш жылдық бағдарлама және жұқпалы аурулардың өршуіне қарсы күресуге дайындық болып табылады. Бұл бастама қазақстандық дәрігерлерге BMJ-дің дәлелдеу құралдарын ұсынады: BMJ Best Practice және BMJ Learning. Дәрігерлер нақты уақыт режимінде диагностика мен емдеу, соңғы дәлелді зерттеулер, сарапшылардың ұсыныстары мен пікірлері, диагностика, болжау, емдеу және алдын алу жөніндегі нұсқаулықтар туралы үнемі жаңартылып отыратын шешімдер базасына орыс және ағылшын тілдерінде ақпараттық ресурстарға қол жеткізе алады, сондай- ақ оқу ресурсынан өте алады, өз білімдерін ғылыми негізделген, 70 мамандық бойынша сараптамалық бағалаудан өткен оқыту модульдері бойынша онлайн тексеруден өте алады.
«Кез келген денсаулық сақтау жүйесінің негізгі артықшылығы оның медицина қызметкерлерінің білімі болып табылады. Бүкіл әлемдегі денсаулық сақтау жүйесі артта қалып отыр, себебі дәлелді ақпарат пациенттерге тікелей қызмет көрсетушілерге жеткілікті түрде тез жетпейді. BMJ бастамасы қазақстандық дәрігерлердің мүмкіндіктерін кеңейтіп, ұлттық денсаулық сақтау жүйесін нығайтады» – деп атап өтті BMJ-дің серіктестікті дамыту жөніндегі директоры доктор Эшли МакКимм.