Көшбасшылық дағдыларды дамыту және тиімді басшылық кадрларды қалыптастыру мақсатында Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы 2019 жылғы 20-21 маусымда Щучинск қаласында "Rixos Borovoe" базасында «Медициналық ұйымдардың басшылары үшін көшбасшылық» тақырыбында семинар-тренинг өткізеді. Тренинг медициналық ұйымдардың бірінші басшылары үшін International Hospital Federation бағдарламасы бойынша әзірленген.
Алған білім көшбасшылық дағдыларды меңгеруге, жүйелі дамуға, техникаларды меңгеруге, өз командасының қызметін басқару әдістемелерін меңгеруге, коммуникативтік дағдыларды өзгерту және жақсарту дағдыларын енгізуге мүмкіндік береді.
Оқуға қатысу study@mail.kz электрондық мекен-жайына жіберілген өтінімдер бойынша жүргізіледі, өтінім нысаны сілтеме бойынша қолжетімді.
Семинар-тренинг бағасы 35 505 (отыз бес мың бес жүз бес) теңге, ҚҚС есебімен. Тұру үшін төлем онлайн тіркелу арқылы немесе қоныстану кезінде жүргізіледі.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: семинар-тренингке ақы төлеу ДСДРО мен жеке тұлғалар арасындағы үлгі шарт негізінде жүргізіледі, үлгі шарт сілтеме бойынша қолжетімді болады.
Семинар және «Rixos Borovoe» қонақ үйінде тұру мәселелері бойынша 87172 700950 (вн 1096, 1087) телефоны бойынша хабарласуға болады.