Казақстан Республикасы денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 6 мамырдағы № ҚР ДСМ-67 бұйрығымен Дәрілік заттардың ұтымды пайдалануына бағалау жүргізу қағидалары бекітілді. Нормативтік құқықтық акт 2018 жылғы желтоқсанда қабылданған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының № 211 - VI ҚРЗ Заңын іске асыру шеңберінде әзірленді.
Бұйрық денсаулық сақтау ұйымдарының дәрілік заттарды ұтымды пайдалануға ішкі бағалау жүргізу тәртібін және денсаулық сақтау ұйымдарында дәрілік заттардың ұтымды пайдаланылуына сыртқы бағалау жүргізу тәртібін регламенттейді, сонымен қатар бақылау функцияларды енгізбейді.
Дәрілік заттарды ұтымды пайдаланылуын ішкі бағалау денсаулық сақтау ұйымының формулярлық комиссиясының қызметін, дәрілік заттарды жоспарлау және сатып алуын, дәрілік заттарды тағайындаудың негізділігін мониторлеу, инфекциялық бағалау, дәрі-дәрмектік қателерді жинау және мониторингтеу, дәрілік заттардың жағымсыз реакцияларын тіркеу жүйелерін, дәрілік заттардың тұтынылуын талдауын және дәрілік заттарға жұмсалатын қаржылық шығындардың пайдаланылуының ұтымды болуына талдауын бағалауды білдіреді. Осы бағалау клиникалық фармакологтың қатысуымен денсаулық сақтау ұйымы деңгейінде медициналық көмектің сапасын басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымының құрылымдық бөлімшесі жыл сайын жүргізеді.
Денсаулық сақтау ұйымдары дәрілік заттардың ұтымды пайдаланылуына сыртқы бағалауды ұсынымдар әзірлеу және медицина және фармацевтика қызметкерлерін дәрілік заттарды ұтымды пайдалануға оқыту жолымен дәрілік заттарды қолданудың тиімділігін арттыру мақсатында жүзеге асырады және екі жылда бір рет кезеңділікпен «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» ШЖҚ РМК-да жүргізіледі.
Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң, яғни 2019 жылғы 30 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі.
Бұйрықтың толық нұсқасымен сілтеме бойынша танысуға болады.