2019 жылдың 8 мамырында «Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярды әзірлеу және бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 369 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы бұйрығы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 28.12.2018 жылғы Қазақстан Республикасының Заңын орындау аясында қабылданды.
Аталған бұйрық Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярды, белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікпен амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін қалыптастыру, сондай-ақ денсаулық сақтау ұйымдарының дәрілік формулярларын әзірлеу тәртібін айқындайды.
Бұйрықтың тақырыбы өзгеріске түсті, сонымен қатар ҚҰФ-ды қалыптастыруға қатысты өзгерістер және жаңа ұғымдар енгізілген болатын. «Белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікпен амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін қалыптастыру тәртібі» және «Денсаулық сақтау ұйымдарының дәрілік формулярларын әзірлеу тәртібі» атты жаңа тараулар пайда болды.
Осыған орай, «Денсаулық сақтау ұйымдарының дәрілік формулярларын әзірлеу және келісу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 23 қарашадағы № 762 бұйрығының (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 26 қарашада № 5900 болып тіркелген) күші жойылды.
Қолданыстағы бұйрықтың толық нұсқасымен сілтеме арқылы таныса аласыз.