Қазақстанда медициналық туризмді дамыту шеңберінде шетелде қазақстандық клиникалардың медициналық қызметтерін ілгерілету және Қазақстан азаматтары арасында озық отандық медициналық ұйымдарды танымал ету жөніндегі іс-шаралар іске асырылуда.
Бүгін медициналық туризм мен импортты алмастыруды дамыту шеңберінде Денсаулық сақтауды дамытудың республикалық орталығы Астананың жетекші клиникалары бойынша туристік операторлардың, Астаналық туризм қауымдастығы мен блогерлердің қатысуымен ақпараттық медициналық тур өткізді.
Тур қатысушылары Ұлттық кардиохирургия орталығына, Ұлттық нейрохирургия орталығына, Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығына, «Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының» ауруханасына, Ұлттық ғылыми медициналық орталыққа, сондай-ақ «Үміт» томотерапия және ядролық медицина орталығына барды.
Тур шеңберінде клиникалық бағыттар бойынша инновациялық медициналық қызметтер көрсетілді: нейрохирургия, кардиохирургия, ортопедия, онкология, ЭКО, «Check-up» (диагностика) қызметтері, сәулелік диагностика.
Медициналық туристерге қажетті медициналық орталықтар бөлімшелері қызметінің негізгі аспектілері жарық көрді. Бұл ретте, рентгеноперациялық, «Carto» аппаратының жұмысымен, қатерлі ісіктерді томотерапия арқылы емдеумен және т. б. танысу жүргізілді.
Медициналық орталықтарға барған кезде турға қатысушылар мен медициналық ұйымдардың өкілдері арасында белсенді диалог жолға қойылып, медициналық туризмді дамыту саласындағы өзара тиімді ынтымақтастық мәселелерін талқылау жүргізілді.
Жалпы, ақпараттық тур медициналық қызметтерді жылжытуға бағытталған және отандық пациенттер мен шетелдік медициналық туристер үшін қазақстандық клиникалардың әлеуетімен танысу мақсатында ұйымдастырылды. Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар медициналық орталықтар мен туроператорлар арасында меморандумдар мен келісім-шарттарға қол қою туралы ниеттерін білдірді.
Атай кету керек, шетелдік пациенттердің Қазақстанның мүмкіндіктері туралы ақпаратқа қол жеткізуі үшін www.medicaltourism.kz бірыңғай онлайн-порталы іске қосылды, ол медициналық ұйымдар, олардың жабдықталуы, ұсынылатын қызметтер, мамандар және т. б. туралы ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ететін болады. Сондай-ақ медициналық туризм бойынша «Call-орталық» іске қосылды. 1430 нөмірі бойынша қазақстандық және шетелдік пациенттер тәулік бойы қажетті ақпарат пен кеңес ала алады.
Сонымен қатар, 2019 жылы шекара маңындағы елдерде «Қазақстандық медицина күндері» іс-шараларын өткізу жоспарлануда.
Бұл іс-шаралар шетелдік азаматтар мен медициналық әріптестерді еліміздегі медициналық саланы дамытудың жоғары деңгейі туралы хабардар етуге, сондай-ақ болашақта Қазақстанға келу медициналық туризмінің өсу үрдісін ынталандыруға мүмкіндік береді.