31 қазаннан 2 қараша аралығында Кишиневте (Молдова) 11 елден келген денсаулық сақтау экономикасы саласындағы мамандар қатысатын Денсаулық сақтаудың ұлттық шоттары (ДСҰШ) жөніндегі екінші техникалық отырыс болып өтті. Қазақстанның атынан ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің және ДСДРО қызметкерлері қатысты.
Бұл кездесу ДСҰШ қалыптастыру шеңберінде елдер дайындаған деректерді тексеруге және валидациялауға бағытталған. Денсаулық сақтау шоттары бойынша сарапшылар ДСҰШ қалыптастыру әдіснамасына байланысты техникалық мәселелерді талқылады.
Іс-шарада соңғы 2 жылдағы Денсаулық сақтау шоттары бойынша дайындалған зерттеу нәтижелері қаралды. Отырыс кезеңінде келесі аспектілер талқыланды:
– кірістер, агенттер, сатып алушылар мен жеткізушілер арасындағы қаражат ағыны;
– денсаулық сақтауды қаржыландыру жіктеулері бойынша шығыстар нәтижелері;
– бағалау әдістерін қоса алғанда, жеткізушілер мен функциялардың жіктелуі бойынша шығыстар нәтижелері;
– аурулар бойынша шығыстар нәтижелері;
– алғашқы буын бюджетінің дұрыс есебін талқылау.
Отырысты ашқан кезде Молдова Денсаулық сақтау министрлігінің Бас хатшысы медициналық-санитариялық алғашқы көмек жөніндегі Ғаламдық конференцияның тамаша ұйымдастырылғанын атап өтті, оның аясында әлем елдері МСАК бойынша Астана декларациясын бірауыздан қабылдады
Денсаулық сақтаудың ұлттық шоттары шығыстарды стратегиялық жоспарлау мен болжауда, сондай-ақ денсаулық сақтау жүйесінде саяси маңызды шешімдер қабылдау кезінде қолданылатын денсаулық сақтау жүйесіндегі қаржы ағындарын қадағалаудың құралы болып табылады. Қазақстанда ДСҰШ қалыптастырумен жыл сайын 2010 жылдан бастап ДСДРО Денсаулық сақтау экономика орталығы айналысады.