ДДҰ мен РЦРЗ әр адамның өміріндегі денсаулық сақтаудың рөлі туралы театр қойылымын дайындады

25 қазанда Ұлттық музейде  медициналық-санитариялық алғашқы көмек жөннідегі Жаһандық конференция өткізуге ұштастырылған «THE POT» театр қойылымы көрсетілді.

 

Онда белгісіз аурумен қамтылған қала туралы айтылады, ал оның тұрғындары ем ала алмайды. Эмоциялық көрініс денсаулық сақтаудың тиімді жүйесінің болмауы неге әкеліп соғатынын көрсетеді.

 

 Қойылымда ешкімнің аурудан сақтандырылмағандығы және әрбір адамның медицинаға қол жеткізуі маңызды екендігі көрсетілген.  Сондықтан қойылымның басты тақырыбы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мақсаты - "Health for all" - халықты денсаулық сақтау қызметтерімен жаппай қамту болды.

 

Актерлер ретінде Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының қызметкерлері болды,  қойылымның өзін ДДҰ қызметкері Кристофер Бейли ағылшын тілінде өткізді. Кристофер Бейлидің өзі кезінде кәсіби актер және режиссер болған.

 

Естеріңізге сала кетейік, кеше медициналық-санитариялық алғашқы көмек бойынша Астана декларациясы қабылданды, ол денсаулық сақтау жүйесінің алғашқы буынының дамуын, аурудың профилактикасы мен алдын алуға күш-жігерді шоғырландыруды декларациялайды.

 

Қабылданған құжаттың арқасында әлемдік денсаулық сақтауды одан әрі дамытудың төрт негізгі бағыты анықталды: барлық салаларда адамдардың денсаулығын жақсарту үшін батыл саяси шешімдер қабылдау; тұрақты медициналық-санитариялық алғашқы көмек құру; жеке тұлғалардың және жұртшылықтың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту; ұлттық саясатпен, стратегиялармен және жоспарлармен бірлесіп мүдделі тараптарға қолдау көрсету.