Астанада ДДҰ-ға қатысушы елдер МСАК бойынша жаңа декларацияны қабылдады

25 қазанда Астанада ДДҰ-ға мүше елдердің делегаттары медициналық-санитариялық алғашқы көмек бойынша Астана декларациясын ресми түрде қабылдады. Астана декларациясы 1978 жылғы Алматы Тарихи декларациясына адалдықтың жалғасуын растайды, онда алғаш рет әлемдік көшбасшылар медициналық-санитариялық алғашқы көмек жүйелерін денсаулық сақтаудың негізі ретінде мойындады.

 

Алайда, ең алдымен, Астана декларациясы денсаулық сақтау қызметтерімен жаппай қамту және тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудің негізгі стратегиясы ретінде 21 ғасырда МСАК-ты дамытуға жол салды.

 

Астана декларациясын дайындау және ДДСҰ-да келісу Қазақстанның атынан ДСДРО бас директоры Айнұр Айыпханованың  төрағалық етуімен өтті.

 

"Келісу оңай болған жоқ. Дипломаттар әр азатжолға, әр сөзге, осы құжаттағы фразалар мен артикльге дейін дауласты. Декларация ағылшын тілінде жасалды. ДДҰ штаб-пәтерінде оның мүше-елдермен келісу бойынша 10 кеңес өтті, онда кейбір мәселелер бойынша бірқатар елдердің пікірлері қарама-қайшы болса да, біз бір ауыздан мақұлданған мәтінге келдік", - деп атап өтті Айнұр Айыпханова.

 

Астана декларациясының қабылдануы медициналық-санитариялық алғашқы көмекті дамытудың 40 жылдығына және МСАК жөніндегі Алматы декларациясына қол қоюға арналған конференция шеңберінде өтті. Астанада тарихи оқиғаға 146-дан аса елден 2000 делегат жиналды, олардың 1200 - ге жуығы шетелдік.

 

Мерекелік шара медициналық-санитариялық қызметтермен жаппай қамтуды қамтамасыз ету үшін медициналық-санитариялық алғашқы көмекке үлкен инвестициялар үшін жаһандық қозғалыс аясында өтеді.  Денсаулық сақтау ресурстары негізінен денсаулық сақтау жүйесінің күшті, жан-жақты негізі ретінде МСАК арқылы ауруларды болдырмауға бағытталған жоқ.

 

«1978 жылғы Алматы декларациясы медициналық-санитариялық алғашқы көмектің негізін қалады,бірақ соңғы төрт онжылдықтағы ілгерілеу біркелкі болған жоқ. Әлем халқының кем дегенде жартысы инфекциялық емес және инфекциялық аурулардың алдын алу және емдеу, ана мен баланың денсаулығын қорғау, психикалық және репродуктивтік денсаулық жөніндегі қызметтерді қоса алғанда, негізгі медициналық қызметтерге қол жеткізе алмайды. Біздің барлығымыз медициналық-санитариялық алғашқы көмек туралы бүгінгі декларация әрбір адамға өзінің негізгі денсаулық құқығын барлық жерде пайдалануға мүмкіндік беретініне  үлкен жауапкершілік аламыз» - деді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Бас директоры доктор Тедрос Адхан Гебрейесус.

 

ЮНИСЕФ пен ДДҰ үкіметтерге және азаматтық қоғамға Астана Декларациясына сәйкес әрекет етуге көмектеседі және оларды МСАК-ты қолдау жөніндегі қозғалысты қолдауға шақырады.