16-17 қазанда Мәскеуде мейірбике қызметіне арналған Вена декларациясының 30 жылдығына орай конференция өтуде. Ресей Федерациясының Денсаулық сақтау министрлігі, Еуропадағы ДДСҰ аймақтық бюросы, ұлттық мейірбике қауымдастықтары және әртүрлі елдердің медициналық колледждері конференцияның ұйымдастырушылары болып табылады.
Іс-шара барысында ДДСҰ Еуропалық бюросының денсаулық сақтау жүйесі мен денсаулық сақтау департаментінің директоры Ханс Клюге 2020 жылы мейірбике жылы деп жариялады; оның барысында мейірбике қызметкерлерінің қызметін жетілдіру және үздіксіз кәсіби даму үшін бірқатар іс-шаралар өткізілетін болады.
Конференцияға денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының қызметкерлері аккредиттеу орталығының жетекшісі Ботагөз Қаупбаева, медициналық білім беруді дамыту бөлімінің бастығы Зауре Байгожина, медициналық білім беруді дамыту бөлімінің бас сарапшысы Айгүл Әбдірахманова қатысып жатыр.
Бағдарламада ДСДРО қызметкерлерінің мейірбикелерді дамыту перспективалары, мейірбикелерге арналған құзыреттіліктің жаңа моделі және де Қазақстан Республикасында мейірбике қызметі бойынша ұлттық және халықаралық талаптарна арналған 3 баяндама бар.
Бұл шараның Алматы декларациясының 40 жылдығына арналған конференцияның қарсаңында өткізілуі ерекше. Барлық спикерлердің сөйлеген сөздері алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетудің маңыздылығын және медицина қызметтерінің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде мейірбикелердің ерекше рөлін атап көрсетеді.