2018 жылдың 11-13 қазанында Санкт-Петербург (Ресей) қаласында XIII «Ұтымды фармакотерапия» халықаралық ғылыми конгресі өтті.
«Ұтымды фармакотерапия» конгресі – бұл жыл сайынғы форум, оның негізгі мақсаты әртүрлі мамандықтардың тәжірибелі дәрігерлері арасында клиникалық және фармакологиялық ойлауды қалыптастыру болып табылады.
Конгрестің ұйымдастырушылары «Санкт-Петербургтің клиникалық фармакологтарының Кәсіптік медициналық ассоциациясы» РҚҰ және Санкт-Петербург қаласының денсаулық сақтау комитеті. Бұл конгреске ДСДРО РМК дәрілік заттарды және медициналық технологияларды ұтымды пайдалану орталығының қызметкерлері Гүлзира Жусупова, Ләззат Есбатырова, Дидар Байдуллаева қатысты.
ДЗМТҰПО жетекшісінің орынбасары Гүлзира Жусупова «Клиникалық фармакология» секциясында: «Клиникалық фармакология қызметін ұйымдастырудың өзекті мәселелері (тәжірибе алмасу)» баяндамасымен Қазақстан Республикасында дәрілік заттарды ұтымды пайдалану принциптерін енгізу тәжірибесі туралы спикер ретінде баяндама жасады.
Баяндама ҚР жүргізілетін іс – шаралардың маңыздылығы мен құндылығын жоғары бағалаған конгресстің ұйымдастырушылары мен қатысушыларының арасында қызығушылық тудырды.
Конгресске Ресей Федерациясының барлық аймақтарының, Қазақстанның, Қырғызстанның дәрігерлері, клиникалық фармакологтары қатысты.