Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы Қызылорда облысының медициналық ұйымдарында заманауи менеджмент құралдарын енгізуді әдістемелік қолдау жобасын іске асыра бастады.
Жоба үш кезеңді қамтиды:
1-кезең – а.ж. сәуір-мамыр айларында тренинг топтамаларын өткізу;
2-кезең – а.ж. маусым-тамыз айларында консультанттардың медициналық ұйымдарға шығуы;
3-кезең – а.ж. қыркүйек-қараша айларында практиканы бекіту.
2018 жылғы 18 сәуірден бастап жобаның бірінші кезеңінің шеңберінде ДСДРО мына бағыттар бойынша оқыту тренингтерінің циклін жүргізеді:
- Денсаулық сақтау ұымдарының кадрлық қызметтері (өткізу күні 2018 жылғы 18 - 20 сәуір);
- Дәрілік заттар менеджменті (өткізу күні 2018 жылғы 23 - 27 сәуір);
- Корпоративтік басқару және менеджмент (өткізу күні 2018 жылғы 3 -5 мамыр);
- Мейіргер ісіндегі үздік практикалар (өткізу күні 2018 жылғы сәуір14 -18 мамыр);
- Медициналық қызметтердің сапасын басқару (өткізу күні 2018 жылғы 21-25 мамыр).
Тренингтер аймақтағы медициналық ұйымдардың қызметкерлері мен басшыларының есептелген. Қатысушылар персоналдың өнімділігін арттыру тәсілдері туралы, дәрілік заттарды пайдаланудың менеджменті туралы, мейіргерлердің практикалық қызметіндегі ұйымдастырушылық тәсілдерді өзгерту туралы, медициналық қызметтер көрсету сапасы және пациенттің қауіпсіздігін жақсарту үшін менеджерлердің құзыреттіліктері мен білімін арттыру туралы, сондай-ақ медициналық ұйымдар қызметкерлерінің құзыреттілікке ие болуларына және білімдерін арттыруға бағытталған басқа да аспектілер туралы білетін болады.
Әрбір тренингтің ұзақтығы 32 сағаттан бастап 54 сағатты құрайды.
Өткізу орны: Қызылорда медициналық колледжі, Қызылорда қ., Жақаев к-сі, 78.
Қосымша ақпарат алу үшін мына телефон арқылы хабарласуды сұраймыз: 8 (7172) 700-979.