Кеше Астанада Қазмедиа орталығында ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың төрағалық етуімен Денсаулық сақтау министрлігі Алқасының 2017 жылды қорытындылаған кеңейтілген мәжілісі болып өтті.
Шараға ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ерболат Досаев, ҚР ДСМ құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, ҚР ДСМ Қоғамдық кеңесі мен Бизнес-кеңесінің мүшелері, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының, ведомствоға қарасты ұйымдарының басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.
Алқа мәжілісінде министрліктің 2017 жылы атқарылған жұмыстары қорытындыланып, 2018 жылы алға қойған міндеттері, МӘМС жүйесін енгізуге, денсаулық сақтау жүйесін цифрландыруға дайындық, дәрілік және кадрлық қамтамасыз ету мәселелері, медициналық білім мен ғылымды жаңғырту жобаларының қорытындылары, т.б. қаралды.
Алқа мәжілісінің материалдарымен ДСДРО сайтынан мына сілтеме бойынша өтіп, танысуға болады.