Халыкаралық сарапшылар қазақстандық мамандарға арналған мастер класстар өткізді

2018 жылдың 15 қаңтар мен 20 ақпан аралығында Қазақстан Респубикасы Денсаулық сақтау Министрлігінің Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы Финляндия университеттерінен  (JAMK, HAMK, LAMK) Йоханна Хейккиля (PhD,RN) ханым басқарған халықаралық сарапшылар тобының қатысуымен сериялық шеберлік кластар ұйымдастырып өткізді.

Шеберлік кластарды өткізу Республикалық «Әлеуметтік медициналық сақтандыру» Жобасының  «Денсаулық сақтау саласында стратегиялық әріптестік негізінде кадрлар ресурсын нығайту» 2.3 құрамдауыш іс-шараларын жүзеге асыру аясында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық Қайта құру мен дамыту Банкі келісім шеңберінде  жүзеге асырылды.

Шеберлік класстарда медициналық ЖОО, Жоғары медициналық және медициналық колледждерінің оқытушылары, мейіргерлік іс мамандары, тәжірибелік  денсаулық сақтау өкілдері қатысты.

Шеберлік кластар келесі тақырыптар бойынша өтті: «Медициналық ұйымдардағы мейірбикелік қызмет көрсетуін ұйымдастыру моделі», «7-ші семестрдегі  қолданбалы бакалавриат бағдарламасы бойынша маманның құзыреттілігін арттыру негізіндегі «Мейіргерлік іс» мамандығы үшін оқытушылардың әлеуетін арттыру», «Зерттеулердің әдістемесі, жоспарлау мен сараптау бағасы туралы негізгі түсініктері», «Магистратура деңгейінде «Мейіргерлік іс» мамандығы бойынша білім беру бағдарламаларын  жетілдіру», «3-ші семестрдегі жеделдетілген қолданбалы бакалавриат бағдарламасы бойынша маманның құзыреттілігін арттыру негізіндегі  «Мейіргерлік іс» мамандығы үшін оқытушылардың әлеуетін арттыру» (1,5 жыл), ««Мейіргерлік іс» мамандығы бойынша PhD деңгейінде мейірбикелерді

оқыту үшін білім беру бағдарламаларын әзірлеу», ««Мейіргерлік іс» мамандығы бойынша қолданбалы ғылымдар бакалаврларын академиялық бакалаврлар деңгейіне дейін қайта оқыту үшін білім беру бағдарламаларын әзірлеу», ««Мейіргерлік іс» мамандығы бойынша  Техникалық және кәсіби білім беру бағдарламаларын жетілдіру».

Шеберлік кластарын ұйымдастыруда теориялық оқыту мен тәжірибелік жұмыстар да енді. Барлық қатысушылар халықаралық үлгідегі сертификаттарға ие болды. Шеберлік кластарының соңында қатысушылар «Мейіргерлік іс» мамандығы бойынша әртүрлі деңгейдегі білім беру бағдарламаларын әзірлеу аясында және де тәжірибелік денсаулық сақтау  ұйымдарында мейірбикелік қызмет көрсету саласын ұйымдастыру мен басқару құзыреттілігін арттыра білді. Жұмыс Халықаралық Қайта құру мен дамыту Банкі Келісімі шеңберінде әрі қарай жалғасын табады, және де жуық арада Қазақстан Республикасында мейірбикелік ісін әрі қарай жетілдіру бойынша келесі шеберлік кластарының өткізілуі жоспарланды.