Бүгін, ДСДРО Алғыс айту күні қарсаңында және Балалар онкологиясымен күрес халықаралық күні аясында РЭДСО-мен бірлесіп Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында балалар үшін қайырымдылық шарасын өткізді.
Кішкентай пациенттер үшін кәсіби аниматорлар ойын-сауық бағдарламасымен шығып, өнер көрсетті, ал Орталықтың ойын бөлмелеріне ой дамыту және үстел үстінде ойнайтын ойыншықтар табыс етілді. Сондай-ақ, онкологияны жеңген балалар сырқат балаларды қолдау лебіздерін білдірді.
Естеріңізге сала кетейік, бұл алғыс айту күнін мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осыдан үш жыл бұрын ортақ тарихымызға құрмет көрсету, әралуан ұлт өкілдерінің өз Отанына айналған киелі қазақ жері мен кеңпейілді қазақ халқына терең тағзымның белгісі ретінде белгілеген болатын. Бұл мереке, ең алдымен, қазақстандықтардың бір-біріне деген қайырымдылығының, достығының, еліміздегі бейбітшілік пен келісімнің жарқын бейнесі.