ДСДРО 2018 жылы медициналық технологияларды бағалауға өтінімдер қабылдайды

«Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» ШЖҚ РМК-ның Ұтымды клиникалық практика орталығы 2018 жылы  медициналық технологияларды бағалау жүргізуге өтінімдер қабылдауды ашық деп жариялайды.

Өтінімдер 2018 жылдың 31 қаңтарына дейін «Ұтымды клиникалық практика орталығына» деген белгімен, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Мәңгілік ел к-сі, 8-үй, 18 В кіреберіс,  010000, Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы мекенжайына және rcrz.office@mail.ru электрондық поштасына жіберілуі мүмкін.

Өтінімдер «Диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың жаңа әдістерін қолдану қағидаларын бекіту туралы» ҚР ДСМ-нің 2014 жылғы 20 мамырдағы № 272 бұйрығына сәйкес толтырылуы тиіс.

Жоғарыда аталған бұйрыққа сәйкес толтырылған өтінімдері жоқ ілеспе хаттар, сондай-ақ 2018 жылғы 31 қаңтардан кейін келген өтінімдер қаралмайтындығын ескертеміз.