ДСДРО Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы сарапшыларымен кездесті

Қазақстанда ҚР Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы Елдік бағдарламаларды жүзеге асыру аясында «Қазақстан үшін ЭЫДҰ-ның денсаулық сақтау жүйесіне шолу» және «Қазақстан үшін ЭЫДҰ-ның ұлттық денсаулық сақтау шоттарына шолу» жобаларын жүзеге асыру шаралары өз мәресіне жетіп келеді. 

15-16 қарашада Астанада қазақстандық денсаулық сақтау саласы мамандары ЭЫДҰ сарапшыларымен – Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік мәселелер басқармасының басшысы Дэвид Морганмен,  Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік мәселелер басқармасының аға экономисті Агнес Куфинальмен кездесті.  

Аталған кездесулерге ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің, ҒЗИ, Ұлттық орталықтардың, медициналық жоғары оқу орындарының, «Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ өкілдері,  Денсаулық сақтау басқармалары мен медициналық ұйымдардың басшылары қатысты.

Кездесу барысында шара алдында және ресми жарияламас бұрын екі Шолу бойынша соңғы есептер таныстырылып, талқыланды. Сондай-ақ, ЭЫДҰ-ның ұсынған есептерінде көрсетілген, және оларды Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесіне енгізу жайындағы ұсынымдары да талқыланды.

16 қарашада ДСДРО базасында ЭЫДҰ сарапшысы Дэвид Морганмен кездесу өтті. Оған ДСДРО қызметкерлері, ҚР ДСМ Жобаларды басқару департаментінің, «Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ өкілдері қатысты.

Кездесуде «Қазақстан үшін ЭЫДҰ-ның ұлттық денсаулық сақтау шоттарына шолуының» соңғы есебіне ескертулер мен ұсынымдар жан-жақты қарастырылды және ДСДРО-ның ЭЫДҰ-мен осы бағыттағы жұмыстарды жетілдіру жөніндегі одан әрі ынтымақтастығы талқыланды.   

Денсаулық сақтау саласының шығындары, ЭЫДҰ, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен Еуропа одағының статистикалық қызметі (Евростат) туралы ақпараттарға деген қажеттілік өсімін қанағаттандыру үшін  2011 жылы Денсаулық сақтау шоттары жүйесі жасалған болатын.

Ұлттық шоттар қызметтер мен тауарларды сатып алуды қаржыландыру кестелерінен бастап қызмет түрлерін пайдаланудың соңғы сәтіне дейін түскен табыстарды қадағалау арқылы денсаулық сақтау жүйесіндегі ақшалай қаражаттар ағынына (мемлекеттен болсын, жекеменшік көздерден болсын) жүйелі  өлшем жүргізуге мүмкіндік береді.

Бұл денсаулық сақтау саласындағы қаржыландыру шараларының  көрнекілігі мен ашықтығын қамтамасыз етеді және ағымдағы ресурстардың пайдаланылуын қамтиды.