9 қарашада Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы Қытай дәстүрлі медицинасының Пекин университеті делегациясымен кездесу өткізді.
Кездесу аясында Пекин университеті ведомствосына қарасты «Фарм Бэйчжун-илинь» компаниясының президенті Линь Сюежун мен ДСДРО бас директоры Айнұр Айыпханова өзара тиімді ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою туралы шешім қабылданды, оған мына бағыттар енгізіледі:
- Қытай дәстүрлі медицинасы саласында үзіліссіз медициналық білім беру аясындағы ынтымақтастық;
- қытай халық медицинасы орталықтарын құру жөніндегі бірлескен жобаларды жүзеге асыру;
- Қазақстан Республикасында медициналық туризмді дамыту саласындағы ынтымақтастық;
- фармацевтика саласында, оның ішінде дәрілік шөптер мен қытай дәстүрлі медицинасы құралдарын пайдалану аспектілерін зерттеу барысындағы ынтымақтастық.
Кездесу қорытындысы бойынша дегегация басшысы Линь Сюежун мырза ынтымақтастық келешегін жан-жақты талқылау үшін қазақстандық әріптестерін ҚХР-на шақырды.