Эксперты Форума этических комитетов стран Юго-Восточной Азии провели аудит Центральной Комиссии по вопросам этики МЗ РК (2)

Ағымдағы жылдың 10-14 шілдесі аралығында SIDCER/FERCAP тану (халықаралық стандарттарға сәйкестік үшін этикалық комиссиялар қызметінің аудит бағдарламасы) бағдарламасы аясында Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің Этикалық комитеттер форумының халықаралық сарапшылары елімізде болып, осы келген сапарларында ҚР ДСМ Этика мәселелері жөніндегі орталық комиссиясы үшін тренинг және халықаралық аудит өткізді.   

Профессорлар Christina Torres (Филиппины),  Juntra Karbwang (Нагасаки Университеті, Жапония), Aphornpirom Ketupanya (Таиланд) және Бахыт Сарымсақова (Қазақстан) өткізген тренинг барысында  Комиссия мүшелері, сондай-ақ шақырылған сарапшылар мен ДСДРО қызметкерлері халықаралық құжаттармен, зерттеулер этикасының қағидаттарымен және адамдардың қатысуымен зерттеулер жүргізудің негізгі этикалық талаптарымен таныстырылды. Сондай-ақ, сарапшылар осы саладағы ұлттық заңнамалық актілермен және ҚР ДСМ Этика мәселелері жөніндегі орталық комиссиясының  қызметі туралы есеппен танысты.

Тренингтен кейін халықаралық сарапшылар Комиссия қызметінің Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының этикалық комиисияларына арналған стандарттарына, Үйлесімділік (ICH-GCP) жөніндегі халықаралық конференцияның тиісті клиникалық практикасының стандарттарына, Комиссияның өзінің стандарттық операциялық рәсімдеріне және биомедициналық зерттеулер этикасы саласындағы ұлттық заңнамаларға сәйкестігіне бағалау – аудит өткізді. Бағалау нәтижелерін сарапшылар Комиссия мүшелерімен бірге Комиссия қызметінің жақсы жақтары мен одан әрі жақсарта түсу жөнінде ұсынымдар айтылған қорытынды жиында талқылады.

Аудит жоспарына сәйкес, бір ай ішінде Комиссия аудит нәтижелері туралы  FERCAP жазба жауап алады және анықталған кемшіліктерді түзетіп, жасалып жатқан жұмыстарды жақсарту шараларын қарастырады. FERCAP тану сертификатын тапсыру туралы шешім 2017 жылдың қазан айына қарай Комиссияның қабылданған шаралар туралы есебін бағалағаннан кейін қабылданады.