|
Қазақстандағы медициналық мекемелерді жаңғырту үшін 1 триллион теңге инвестиция қажет. Денсаулық сақтау саласы мен бизнес өкілдері осы мәселе төңірегінде бас қосты. Форумда министр Елжан Біртанов сөз сөйлеп, келер жылдан бастап ауруханалар мен емханалар жекенің қолына өткізіліп, медициналық жабдықтарды жаңарту, сондай-ақ ғимараттарды жөндеу жұмыстары басталатынын мәлімдеді. Айтуынша, алдағы уақытта мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жеке емханалар да көптеп ашылады. Яғни халықтың медициналық көмекті әр тарапқа жүгірмей, бір жерден алу мүмкіндігі кеңейеді. Сондай-ақ салаға инвестиция тарту арқылы 2018 жылы «Денсаулық паспорты» жобасы жүзеге асырылады. Нәтижесінде тұрғындар дәрігердің қабылдауына онлайн түрде жазылу мүмкіндігіне ие болады. Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақтау министрінің орынбасары: -Бірыңғай медициналық базада науқастың ауру тарихы және жалпы деректері жазылып тұратындықтан, қағазбастылықтан арылған дәрігердің азаматтарды қабылдайтын уақыты молаяды. Қазір бұл жобаның тиімділігі пилоттық режимде тексеріліп жатыр. Келер жылы «Денсаулық паспорты» жаппай енгізілгеннен кейін бұл салаға инвесторларды тартып, саланы электрондық жүйелерге көшіру ісін қолға алмақпыз.
Источник: http://khabar.kz/kz/news/kogam-kz/item/97645-astanada-densauly-sa-tau-salasyna-investitsiya-tartu-zh-ninen-forum-tti
Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.khabar.kz
Источник: http://khabar.kz/ru/news/obshchestvo/item/96372-v-2018-godu-natsionalnoj-akkreditatsiej-budut-okhvacheny-vse-meduchrezhdeniya-strany
Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.khabar.kz