«Денсаулық сақтау саласындағы бизнес үшін кедергілерді қайта реттеу, азайту» жобасы
1. Жобаның мақсаты:
Бизнес үшін жағдайды (шарттарды) жақсарту мақсатында әкімшілік кедергілерді қысқарту, денсаулық сақтау саласының өзін-өзі реттеу жүйесін дамыту үшін жағдай жасау, мемлекеттік қызметтердің (функциялардың) бір бөлігін үкіметтік емес секторға беру.
2. Жобаның міндеттері:
- Бизнестің жүруін жақсарту мақсатында әкімшілік кедергілерді қысқарту;
- мемлекеттік қызметтердің (функциялардың) бір бөлігін үкіметтік емес сектор мен бәсекелес ортаға беру;
- Министрліктің бақылау-қадағалау қызметтерін (функцияларын) қайта қарау – тексеруді азайту арқылы бизнеске қысым көрсетілуін, субъектілер қызметіне лауазымды адамдар тарапынан араласуды азайту;
- Денсаулық сақтау саласында медициналық қызметтер нарығын жедел дамыту мүддесімен нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру;
- Медициналық қызмет көрсету сапасы жөніндегі біріккен комиссияны (СБК) ӨРҰ-ға ауыстыру;
- Бизнес үшін кедергі болатын Санитарлық ережелер мен нормаларды, Құрылыс нормалары мен ережелерінің талаптарын жою мақсатында халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын тексерулер санын азайту;
- Кәсіби медициналық қауымдастықтардың өзін-өзі реттеу жағдайында халықаралық стандарттарға сәйкес жұмыс істеуі және дамуы.