Конференция спикерлері

-

Говард Кэттон, RN, BSc, МА, Мейіргер ісі жөніндегі және  мейіргерлердің Халықаралық Кеңесінің  (ХМК) денсаулық саясатының директоры. Ұлыбритания және АҚШ-та жұмыс істеді, Британдық Мейіргер Корольдік колледжінде әртүрлі лауазымдарда қызмет жасаған, соның ішінде адам ресурстарын және денсаулық сақтау саласындағы саясатты зерттеу бойынша ұлттық кеңесші лауазымын атқарды. 2015 жылы «Health Service Journal» журналы оны 100-ге жуық көшбасшылық- клиницисттер тізіміне кіргізді. 2016 жылдан бастап ХМК (Халықаралық мейіргерлер кеңесі) бойынша жұмыс істейді.

   
 

Джудит Шамиан, RN , PhD, FAAN, Торонто Университетінің мейіргерлер факультетінің профессоры, Канада, медбикелердің  Халықаралық Кеңесінің (ХМК) құрметті президенті. Медбикелердің Викториан орденінің (МВО) және Канада медбикелер  ассоциациясының (КМA) бұрынғы президенті. Соңғы бес жыл ішінде ол мейіргер ісі жөніндегі денсаулық сақтау қызметтері бөлімінің зерттеушісі және Канадалық федералдық үкіметтің мейіргер саясаты жөніндегі атқарушы директоры болып табылады. Қызығушылық саласы: мейіргерлерді оқыту, денсаулықты нығайту, қаржыландыру және қарқынды терапия. Мейіргер ісін және жаһандық денсаулық сақтау саясатын дамытуда кеңінен танымал. Көптеген БҰҰ комиссияларының және агенттіктерінің, жұмыс топтарының мүшесі. Денсаулық сақтау, мейіргер ісі және жаһандық саясат жөніндегі халықаралық спикер.

 

 

   
   

Дэвид Бентон, RGN, PhD, FFNF, FRCN, FAAN, мейіргер ісі  жөніндегі  мемлекеттік Комитетінің (NCSBN) Ұлттық Кеңесінің Бас директоры, Чикаго, АҚШ. Бұдан он жыл бұрын ICN (медбикелердің  Халықаралық Кеңесі), Женева, Швейцарияда жұмыс істеді, бастапқыда реттеу, лицензиялау және білім беру жөніндегі консультант, содан кейін атқарушы директор болды. Ол көптеген марапаттар мен дәрежелерге ие. 1993 жылы ол мейіргер ісіндегі  көшбасшылық стандартымен марапатталды. 2001 жылы Флоренс Найтингейл Қорының стипендиясына лайықты болды, ол  мейіргер ісі және денсаулық  сақтау саясатына қосқан үлесі үшін 2003 жылы Корольдік мейіргер ісі колледжінің стипендиясына ие болды. 2015 жылдан бастап Американдық мейіргер ісі академиясының мүшесі. Данди Университетінің (Шотландия) мейіргер саясаты жөніндегі шақырылған профессоры.

   
   

Роберт Нивес, JD, MBA, MPA, BSN, RN, Elsevier Clinical Solutions электрондық денсаулық сақтау бойынша вице-президенті, АҚШ. Қарқынды терапия, ұзақ мерзімді күтім, паллиативтік күтім, үйде күтім жасау саласында 25 жылдан астам тәжірибесі бар. Әртүрлі электрондық медициналық деректер қорларында дәлелді материалдарды әзірлеу және біріктіруде 14 жылдан астам тәжірибесі бар.

   
   

Йоханна Хейкилла, PhD, RN, JAMK қолданбалы ғылымдар университетінің аға кеңесшісі, Финляндия. Қызығушылық салалары: Медициналық білім беру саласындағы халықаралық аккредитация (медициналық білім беру ұйымдарындағы білім беру үдерістерінің сапасы мен тиімділігін бағалау). Жұмыс тәжірибиесі кең кеңесші ретінде  әртүрлі деңгейдегі білім беру бағдарламаларын әзірлеуде  және білім беру сапасын қамтамасыз етуде, әлеуметтік және медициналық көмек саласындағы ғылыми зерттеулер мен инновацияларды басқару. Қызыл Крест пен Ақ Роза қоғамының мүшесі, Финляндия, Фин жүрегі қоғамы (2011-2016 жж. Комитет мүшесі), Мейіргерлердің Халықаралық Кеңесінің мүшесі және басқалар. SHIP - денсаулық сақтаудың үздік сапасына саяхат, мейіргерлер үшін білім беру жүйесін жаңғырту және «ProInCa» Еуропалық Одақ жобасы, дүниежүзілік банк жобасы бойынша жобалық топтың басшысы.

   
   

Фил Дикисон, PhD, RN, Мейіргер ісі жөніндегі мемлекеттік комитетінің  Ұлттық Кеңесінің (NCSBN) өкілі. Чикаго, АҚШ. Оның лауазымы ұйымдардың қызметіне, оның ішінде емтихандарға, маркетинг пен коммуникацияға, өнімділікті өлшеу мен стандарттауға қатысты бағдарламалар мен қызметтерді қадағалауды қабылдайды. Сертификаттау және лицензиялау саласында 30 жылдық жұмыс тәжірибесі бар. 2010 жылы NCSBN-ға келмес бұрын Дикисон Elsevier, Inc. компаниясында медициналық мамандықтарды тестілеудің директоры және жедел медициналық жәрдем  дәрігерлері  Ұлттық тізілімі директорының орынбасары.Ол АҚШ-тың әскери-әуе күштерінде 11 жыл бойы денсаулық сақтау саласындағы маман ретінде қызмет етті. Білім беруді бағалау мен өлшеу, сандық зерттеулер саласында  PhD дәрежесі бар. Көптеген жарияланымдардың авторы, Психометриялық қоғамның және Тест-баспагерлер қауымдастығының мүшесі.

   
   Эвелина Кивинен, магистр, RN, LAMK қолданбалы ғылымдар университетінің аға оқытушысы, Финляндия. Оның кәсіби қызығушылықтары  дәлелді мейіргерлік тәжірибелермен, клиникалық мейіргерлерді оқытумен, тәлімгерлік, модельдеу және білім беру бағдарламалары бойынша жұмыстармен байланысты. Қазақстан Республикасындағы Дүниежүзілік банк жобасының бас сарапшысы (мейіргерлерге арналған білім беру бағдарламаларын модернизациялау). Соңғы 15 жыл ішінде ол мұғалім, білім беру бағдарламаларының үйлестірушісі (Лахти қолданбалы ғылымдар университеті) болып жұмыс істейді.
   
   Марлена Зайберт Примо, DNP, FNP-BC, BSHECS, доцент, Алабама, АҚШ. Ғылыми қызығушылықтары: Қоғамдық /жаһандық денсаулық, Төтенше жағдайлардағы мейіргер күтімі және менеджмент, Мүгедектерге мейіргерлік күтім көрсету, сот медицинасы және мейіргерлік күтім. Практикалық тәжірибе, отбасылық тәжірибе саласында, қоғамдық және жаһандық денсаулық, төтенше жағдайларда шұғыл көмек көрсету, мүгедектерді күту, сот медицинасы, әйелдер денсаулығын сақтау саласындағы жұмыстарды қамтиды.
   
 

Диана Хэнкей Андервуд, MS, WHNP-BC, CRNP, Алабама, АҚШ, Grace Anatomy Inc. коммерциялық емес ұйымының  директоры.  Әйелдер денсаулығы саласындағы мейіргер ісі бойынша сертификатталған маман. Клиникалық қызығушылығы  қуық мен ішектің проблемалары бар науқастармен байланысты. Ол бүкіл ел бойынша дәрістер жүргізеді және осындай науқастармен жұмыс істейді. Халықаралық белсенді жұмыс жүргізеді, екі Ұлттық марапатқа ие: «The Nurse Practitioners in Women's Health and the Bayer Health Care 2007 Inspiration in Women's Health Award» және «National Association for Continence 2007 Continence Care Champion Award».

   
 

Эшли Окарайнен, MSc, RN, Финдық мейіргер ісі бойынша ғылыми - зерттеулер қоры, Оулу университеті, Хельсинки, Финляндия. Практикалық тәжірибесі: Мейо клиникасы, АҚШ, Хартман клиникасы, Финляндия - Пластикалық хирургия кафедрасының мейіргері. Қазіргі уақытта Финляндияның Куусамо қаласының орталық ауруханасында қарқынды терапия бөлімшесінің медбикесі. Қоғамдық денсаулық сақтау мамандығының докторанты. Қызығушылықтары: клиникалық мейіргер ісі, дәлелді мейіргерлік практикасы.