Конференция спикерлері

-

Конрад Оберманн, профессор, Мангейм қоғамдық денсаулық сақтау институты.

Клиникалық жұмыс, зерттеулер, стратегиялық жоспарлау және кеңес беру аймағында 20-жылдық тәжірибесі бар дәрігер және экономист. Қазіргі таңда Германияның Гейдельберг қаласындағы Мангейм қоғамдық денсаулық сақтау университетінде қызмет атқарады. Оқытушылықтың кең халықаралық тәжірибесі, және де университеттік құрылымдар, аккредитация үрдісі мен денсаулық сақтау экономикасы, сонымен бірге түрлі жағдайларда және түрлі топтар үшін денсаулық сақтауды қаржыландыруға зейін қоя, ұлттық және халықаралық талаптарға сай инновациялық оқу бағдарламаларын даярлау туралы терең білімі бар дәрігер және экономист. 2005 жылдан бастап денсаулық сақтау экономикасының профессоры. Халықаралық денсаулық сақтау экономикасында, денсаулық сақтау жүйесінің дамуы мен денсаулық сақтауды қаржыландыру, экономикалық бағалау мен денсаулық сақтауды қалыптандыру, сонымен қатар денсаулық сақтау жүйелерінде интернет-эмпирикалық зерттеулер жүргізуде мамандандырылған. 10 жылдан аса еуропалық емес елдерде халықаралық ынтымақтастықта және 50-ден астам аяқталған тапсырмаларда тәжірибесі бар. Мәдениетаралық сезімталдылықтың жоғары дәрежесі, ағылшын тілін жетік меңгерген. Солтүстік Африка, Сахарадан оңтүстікке қарай орналасқан Африка, Оңтүстік-Шығыс және Оңтүстік Азия жобаларында да тәжірибесі жеткілікті. Кеңес берудің кең ұлттық және халықаралық тәжірибесі, денсаулық сақтау жүйесі, денсаулық сақтауды, әлеуметтік қорғанысты қаржыландыру және саясатты қолдану аймағында терең теоретикалық және тәжірибелі білімі бар.  

   
 -

Эдуардо Банзон, тұрақты даму және климаттың өзгеруі жөніндегі Департаменттің салалық кеңес беруші кластері бөлімінің денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі бас маманы, Азия Даму Банкі.

Дәрігер Эдуардо Банзон Азия даму банкінің денсаулық сақтау облысындағы бас маман болып табылады. Ол сонымен қатар Филиппин Университетінің медицина факультеті мен денсаулық сақтау институтының клиникалық доценті; бизнес Жоғары мектебі және Атенео-де-Манила Университеті Мемлекеттік басқару Жоғары мектебі мен Азия басқару институтының оқытушысы болды. Атенео-де-Манила Университетінде медицина ғылымдарының докторы дәрежесін және денсаулық сақтау саясаты, жоспарлау және қаржыландыру облысында Лондон экономика мектебі мен Лондон гигиена мен тропикалық медицина мектебінің магистрі дәрежесін алды.

 

 

   
 -  

Жан-Оливье Шмидт, GIZ бағдарламасының директоры.

Әлеуметтік саясат талдауы мен ғылыми психология бойынша магистр дәрежесіне ие. Бұрынырақта P4H Ғаламдық Желі секторы бағдарламасының басшысы, GmbH кеңес беру компаниясының GIZ салалық департаментінде денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау бөлімінің бастығы қызметтерін атқарды. Қазіргі таңда Шмидт "Қырғызстанда Перинаталдық денсаулықты дамыту" бағдарламасының басшысы болып табылады.

   
 -  

Энвер Каган Атикелер, денсаулық сақтау экономикасы, фармацевтика және фармация магистрі

Ол Турцияның денсаулық сақтау экономикасы мен саяси кеңес беру облысында (Анкара, Турция) фармацевтикалық өндірушілер Ассоциациясында (IEIS) қызмет атқарды. Қазіргі таңда Энвер Каган Turkish Medicines and Medical Devices Agency жұмыс атқарады және фармацевтикалық саясат пен реттеу жөніндегі ДДСҰ орталығымен қызмет атқаратын Утрехт Университетінің PhD дәрежесін алуда. Одан бөлек, ол Turkish Medicines and Medical Devices Agency мен Турция, Стамбулдағы медициналық ғылымдар Университеті арасындағы ғылыми серіктестік жобасына зейін қойған.

   
 -  

Виталий Владимирович Омельяновский, профессор, клиникалық фармаколог, Ресей Федерациясы денсаулық сақтау Министрлігінің «Медициналық көмек сараптамасы мен сапасын бағалау орталығы» бас директоры.

130-дан астам ғылыми мақаланың, үш монографияның авторы. Ресей Федерациясы денсаулық сақтау Министрлігінің «Медициналық көмек сараптамасы мен сапасын бағалау орталығы» бас директоры. Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының Денсаулық сақтау саласындағы технологияларды бағалау орталығының директоры. Ресейдің Қаржы министрлігінің Ғылыми-зерттеу Қаржы институтының Денсаулық сақтау саласы Қаржы орталығының директоры.  Қаржы министрлігінің Қаржы институтының Денсаулық сақтау Қаржы орталығының директоры. «Денсаулық сақтаудағы технологияларды бағалау жөніндегі Ұлттық орталығы» Автономдық коммерциялық емес ұйымы басқармасының Төрағасы. Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Әлеуметтік саясат жөніндегі Федерация Кеңесі Комитетінің Қоғамдық денсаулық сақтау жөніндегі Сараптамалық кеңесінің Төрағасы. Ресей Фармакоэкономикасы және нәтижелерін зерттеу жөніндегі Халықаралық қоғамның денсаулық сақтау технологиясын бағалау бөлімінің президенті (International Society for Pharmacoeconomics and Outcomes Research, ISPOR). «Медициналық технологиялар. Бағалау және таңдау» журналының бас редакторы. «Сапалы клиникалық тәжірибе» журналы, «Жұқпа және антибактериалды химиятерапия» журналы мен «Ұлттың денсаулығы» журналдары редакциялық алқасының мүшесі.
Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің Төрағасы жанындағы мүгедектер жұмысы жөніндегі Кеңесінің мүшесі. Денсаулық сақтау Министрлігі Мәскеу облысының бас клиникалық фармакологы. Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің Төрағасы жанындағы Ғылыми-сараптамалық кеңестің мүшесі. РФ Үкіметі жанындағы Талдау орталығының сарапшысы.

   
 -  

Бахмутова Елена Леонидовна, Қазақстан Республикасы саяси қайраткері. «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ Басқарма Төрағасының орынбасары, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Басқарма Төрайымы.

Қазақстан Республикасының саяси қайраткері және бұрынғы қаржы және операциялық басқарушы директоры –  «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының мүшесі болып табылады. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жетекші экономисті, бас экономисі, директордың орынбасары, бюджеттік бөлімнің директоры қызметтерін атқарды. 2008 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау Агенттігінің Төрайымы болып жұмыс істеді.

   
 -  

Қалиев Марат Темірбекұлы, Қырғыз Республикасы Үкіметі жанындағы міндетті медициналық сақтандыру Қорының директоры, медицина ғылымдарының Кандидаты, доцент, 50-ден астам ғылыми жұмыстардың, 8 монографияның авторы

Денсаулық сақтау жүйесінде медициналық қызмет көрсету, денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру және реформалау саласында жұмыс істеді. Ассистенттен кафедра доцентіне дейін өткен уақытта Медициналық академияның клиникалық бөлімінде жұмыс істеп бастады. Кейінірек ол Бішкектегі Медицина академиясының шетел азаматтарына арналған медицина факультетінің деканы болып жұмыс істеді. 2009-2010 жылдары Қырғыз Республикасы Үкіметі жанындағы міндетті медициналық сақтандыру Қоры директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды, содан кейін директор лауазымына атқарды.
Қырғыз Республикасын денсаулық сақтау министрінің орынбасары лауазымын атқарып, кейін Қырғыз Республикасы премьер-министрінің кеңесшісі (2015) болды. Оның басшылығымен денсаулық сақтау саласындағы бірқатар ұлттық стратегиялар әзірленді. Сапаны жақсарту, медициналық қызметтерді қаржыландыру, қызметтердің жаңа үлгілерін ұсыну және т.б. бойынша жобалардың тиімділігін белсенді түрде үйлестіреді. 2015 жылдан қазіргі уақытқа дейін Қырғыз Республикасы Үкіметі жанындағы міндетті медициналық сақтандыру Қорын басқаруда.

   
 -

Триин Хабичт, экономики магистрі, денсаулық сақтау саласын қаржыландыру жөніндегі кеңесші.

Трин Хабичт Эстония медициналық сақтандыру қорының денсаулық сақтау бөлімінің бастығы болып табылады. Оның жұмысы негізінен медициналық қызметтерді көрсету үшін түрлі өтемақы схемаларын әзірлеуге, денсаулық сақтаудың жаңа технологияларын бағалау мен медициналық қызмет көрсету сапасын қамтамасыз ету жүйесін жетілдіруге бағытталған. Бұрын ол әлеуметтік істер Министрлігінде денсаулық сақтау саласы саясат бөлімінің басшысы қызметін атқарды.

   
 -  

Питер Хилл, Квинсленда Университетінің қосалқы профессоры.
Питер Хилл - Квинсленд Университетінің қоғамдық денсаулық сақтау Мектебінде жаһандық денсаулық сақтау жүйелерінің қосалқы профессоры. Қазіргі таңда оның ғылыми және оқытушылық мүдделері денсаулық сақтаудың жаһандық басқаруына, тұрақты даму мақсаттарына жетуге, денсаулық сақтау жүйесін нығайтуға және Австралияның байырғы халықтарының денсаулығын қорғауға бағытталған. Ол білімі бойынша қоғамдық денсаулық сақтау дәрігері және қоғамдық денсаулық сақтаудың медицина факультетінің Корольдік австралиялық кеңесінің мүшесі болып табылады. Vrije Universiteit Brussel университетінде кандидаттық диссертациясын қорғады, жаһандық денсаулық сақтау саясатының пайда болуын және оны елдік деңгейде саясат пен бағдарламаларға көшіруді жоспарлап, Камбоджия медициналық қызмет көрсету жоспарына назар аударды. Австралияда аурудың ауыртпалығы туралы зерттеулер нәтижелерін талдау және осал және жанжалды жағдайлардағы денсаулық сақтау саясаты бойынша тұрақты даму шеңберінде денсаулық сақтау саласындағы мақсаттарды дамыту бойынша бірқатар жобалардың жетекші зерттеушісі болды.

   
 -  

Сонин Содов, «Әлеуметтік медициналық сақтандыруды нығайту» жобасының директоры, отбасылық медицина жөніндегі Монғол мамандар ассоциациясының Президенті.

1981 жылы магистр дәрежесін, ал 1990 жылы Моңғолияның Улан-Батор медициналық институтында PhD докторы дәрежесін алды; Моңғолия үкіметінің әкімшіліктің даму және басқару Институтының дипломы; Ұлыбританияның Бирмингем университеті басқару Орталығының денсаулық сақтау қызметінен аспирант дипломы; Моңғолия денсаулығы туралы ғылымдар Университетінің медицина профессоры.

Профессор Сонин Содов - Моңғолияның бұрынғы Денсаулық сақтау министрі; Моңғолия отбасылық медицина жөніндегі мамандар ассоциациясының Президенті; Денсаулық сақтау министрлігінің Бастапқы медициналық-санитарлық көмегі жөніндегі Кəсіби кіші Комитетінің Төрағасы; «Монғолияның әлеуметтік медициналық сақтандыруын нығайту» АДБ ТР жобасының директоры.

   
 -  

Криштоф Ланда, PhD, Dentons Business EMEA халықаралық компаниясының стратегиялық медициналық технологиялар мәселелері жөніндегі кеңесші.

Доктор Кришстоф Ланда, Meritum L.A. Президенті, Польша Республикасының денсаулық сақтау министрінің бұрынғы орынбасары, Dentons Business EMEA стратегиялық медициналық технологиялар мәселелері жөніндегі кеңесші, Watch Health Care қорының негізін қалаушысы. MedInvest Scanner Ltd бас директоры. HTA Audit компаниясының бас серіктесі, бұл Польшадағы билік пен мемлекеттік мекемелерге бағытталатын денсаулық сақтау технологияларын бағалау туралы есептерді талдайтын компания болып табылады; денсаулық сақтау жүйесі жөніндегі БКС сарапшысы. 2010-2011 жылдар аралығында денсаулық сақтаудағы технологияларды бағалау бойынша Шығыс Еуропа қоғамының президенті болды. 2006-2007 жылдары Доктор Ланда Ұлттық денсаулық сақтау қорының Орталық кеңсесінде есірткімен күрес жөніндегі Департаментінің директоры болды. 2004 жылы Криштоф Ланда денсаулық сақтау технологияларын бағалау жөніндегі Халықаралық ұйымның директорлар Кеңесіне сайланды. Доктор Ланда Медицина мектебінің түлегі болып табылады, ал жоғары білімін Краков қаласының Ягеллон университетінің дипломнан кейінгі қоғамдық денсаулық сақтау мектебінде алды.

   
 -  

Равиндра Раннан-Элья, Денсаулық сақтау жүйелерін күшейтудегі әлеуетті нығайту бойынша Азия желісінің атқарушы директоры және Денсаулық сақтау саясаты институтының ғылыми қызметкері.

Равиндра Раннан-Элья Шри-Ланка денсаулық сақтаусаясаты институтының атқарушы директоры болып табылады. Кембридж және Гарвард университтерінде дәреже алған дәрігер, денсаулық сақтау жөніндегі маман және экономист. Оның зерттеу жұмыстары денсаулық сақтау жүйелерін қаржыландыру, қартаюы, жұқпалы емес аурулар және балалардың жеткіліксіз тамақтануы секілді мәселелерге бағытталған. Ол үкіметтермен және Дүниежүзілік банк, АДБ және ДДСҰ сияқты халықаралық мекемелермен жұмыс істей отырып, барлық аймақтардағы елдерде зерттеулер және кеңес берулер жүргізді.
Ол қатардағы зерттеу және оқу жүйелерінде, оның ішінде NHA Азия-Тынық мұхиты желісінде, Equitap денсаулық сақтау жүйелерінің шынайылығын қарастыратын аймақтық зерттеу желісінде, денсаулық сақтау жүйелерінде оқытуға арналған аймақтық желілерде қызмет атқарады. Денсаулыққа қатынасы жөніндегі әділдік мәселелері бойынша Ғаламдық желінің тең төрағасы болып табылады.

   
 -  

Шиаохуа Инг, PhD, профессор, денсаулық сақтау Мектебінің денсаулық сақтау экономикасы Департаменті Төрағасының орынбасары, Фудань Университеті, Шанхай.

Доктор Шиаохуа Инг, философия докторы, профессор, денсаулық сақтау Мектебінің денсаулық сақтау экономикасы Департаменті Төрағасының орынбасары, Фудань Университеті, Шанхай, Қытай. Шиаохуа Инг денсаулық сақтау экономикасы және саясатының профессоры болып табылады. Оның зерттеулерінің бағыттары ретінде денсаулық сақтауды қаржыландыру және оның әділеттілігі; қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін әзірлеу және бағалау; денсаулық сақтау жүйесіндегі араласулардың әсерін бағалау және экономикалық тиімді медициналық араласуды белгілеу танылады. Ол Қытайдағы денсаулық сақтау жүйесін қаржыландырудағы біркелкілік, араласулар және бағалау жөніндегі бірқатар жобаларды басқарады.

   
 -  

Бюрабекова Людмила Витальевна, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігі фармация Комитетінің Төрайымы.

1997 жылы Қарағанды ​​мемлекеттік медицина академиясын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша бітірді. 2004 жылы Қазақ фармацевтикалық институтын «Фармация» мамандығы бойынша бітірді, ал 2014 жылы Халықаралық Бизнес Академиясын «Менеджмент» (МВА) мамандығы бойынша тәмамдады. Еңбек қызметі 2004 жылы Қарағанды қаласында Х.Ж.Мақажанов атындағы Көпсалалы клиникалық ауруханасында клиникалық фармаколог ретінде басталды. Одан басқа, ол Астана қаласындағы Ұлттық медициналық холдингісінде медициналық көмекті ұйымдастыру Департаментінің директоры (2012-2013 жж.); Астана қаласы Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық авиация Республикалық орталығының оқу-клиникалық бөлімінің меңгерушісі (2013-2014 жж.); Астана қаласында Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығының Вице-президенті (2014 ж.); Қазақстан Республикасы Президент Істері Басқармасының бас инспекторы (2014-2015 жж.); Қазақстан Республикасы Президент Істері Басқармасы Медициналық орталығы басшысының орынбасары (2015-07.2017 жж.) лауазымдарын атқарды. Қазіргі таңда ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитетінің Төрайымы лауазымын иеленуде.

   
 -  

Койков Виталий Викторович, м.ғ.д., Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігінің «Денсаулық сақтауды дамытудың республикалық орталығы» ШЖҚ РММ білім мен ғылым дамыту Орталығының басшысы.

Білімі және біліктілігі: жоғары медициналық. Қарағанды ​​мемлекеттік медицина академиясын бітірді. Медицина ғылымдарының докторы. Сертификаттары:

- медициналық білім беруді, ғылыми және инновациялық қызметті басқаруды, денсаулық сақтау мен қоғамды денсаулық сақтауды басқару, оның ішінде Израиль, Малайзия, АҚШ, Қытай, Түркия, Словения, Литва, Молдова, Германия мемлекеттерінде басқаруды ұйымдастырудың түрлі аспектілері бойынша тәжірибе алып және біліктілігін арттырды;

- 2014 жылдан EVIPNet ғаламдық жүйесіне Қазақстанды енгізу бойынша ДДСҰ Еуропалық бюросы пилоттық жобасының мемлекеттік координаторы (National Champion). ДДСҰ сертификатталған тренері.

- «Денсаулық сақтауды дамытудың республикалық орталығы» ШЖҚ РММ жанындағы «Нұр Отан» ХДП бастауыш партия ұйымының Төрағасы.

   
 -  

Элиас Моссиалос, Лондон экономика мектебінің Денсаулық сақтау саясаты департаментінің Төрағасы, денсаулық сақтау саясаты облысындағы профессор.Элиас Моссиалос - Брайан Абель-Смитте Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебінің денсаулық сақтау саясаты Департаментінің профессоры де, LSE Health компаниясының негізін қалаушы және директоры. Ол сондай-ақ денсаулық сақтау жүйелері мен саясаты бойынша Еуропалық обсерваторияның тең төрағасы болып табылады. Ол, ДДСҰ-ны қоса алғанда, Еуропалық Парламент, Еуропалық комиссия, Дүниежүзілік банк, Бельгияда денсаулық сақтау және әлеуметтік істер Министрлігі, Бразилия, Кипр, Грекия, Ресей Федерациясы, Словения, Оңтүстік Африка және Швеция секілді бірнеше мекеменің, және Австрия, Хорватия және Венгриядағы медициналық сақтандыру қорларының кеңесшісі болып жұмыс атқарды. Еуропаның дәрілік заттарды бағалау жөніндегі Еуропалық агенттігі басқармасының мүшесі болды, Еуропадағы денсаулық сақтау саясаты мен басқару саласындағы үздік басылым үшін Еуропалық денсаулық сақтау басқармасының жыл сайынғы Еуропалық ассоциация премиясын алды. Еуропалық қоғамдық денсаулық сақтауға қосқан үлесі үшін Еуропалық қоғамдық денсаулық сақтау мектептері Ассоциациясының Андрий Стампар медалімен марапатталды. Доктор Элиас Моссиалос - Лондон және Эдинбург қалаларындағы қоғамдық денсаулық сақтау факультеті мен дәрігерлер Қорольдік колледжінің ғылыми қызметкері және Оңтүстік-Шығыс Лондонның қоғамдық денсаулық сақтау саласы бойынша құрметті кеңесшісі болып табылады.

   
 -  

Джирут Шриратанабан, Тайланд денсаулық сақтау жүйелері ғылыми-зерттеу институтының бас директоры.

Джирут Шриратанабан доцент, профилактикалық және әлеуметтік медицина Департаментінің Чулалонгкорн Университетінің директоры болып табылады. Оның зерттеу нысаны ретінде 2-ші типті қант диабеті бар науқастар үшін құралды дамыту; лаос емделушілерінің медициналық қызметтерді пайдалануға арналған шешімдеріне әсер ететін факторлар; Таиландтағы қант диабетімен ауыратын науқастардың жыл сайынғы микроальбуминурия скринингісінің экономикалық тиімділігі; Тайландтағы А гепатитіне қарсы вакцинацияны экономикалық үнемді талдау және т.б. болып табылады.

   
 -  

Фуа Кай Хонг, PhD, Назарбаев университетіне шақырылған профессор.

Фуа Кай Хонг Сингапур Ұлттық университетінің Ли Куан Ю атындағы мемлекеттік саясат Мектебінің профессоры болып танылады, онда жаһандық денсаулық сақтау, денсаулық сақтау экономикасы және қаржыландыру, халықтың қартаюы және әлеуметтік саясат бойынша дәрістер жүргізеді. Бұған дейін ол кеңесші профессор және денсаулық сақтау бөлімінің бастығы, сондай-ақ қоғамдық, кәсіби және отбасылық медицина Департаментінде денсаулық сақтау қызметтерін зерттеу бөлімінің басшысы және Сингапурдағы саяси зерттеулер Институтының аға ғылыми қызметкері болды. Ол Гарвард университетін үздік бітіріп, Гарвард денсаулық сақтау мектебінің және Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебінің магистр дипломын алды. Сингапурдың денсаулық сақтау Министрлігінде және АҚШ-тың Нью-Йорктегі Мемлекеттік денсаулық сақтау департаментіндегі Денсаулық сақтау жүйелерінің Басқармасында қызмет атқарды.

   
 -  

Карен Бакстер, Ұлыбританияның Корольдік Фармацевтикалық Қауымдастығы.

Карен Бакстер Pharmaceutical Press арналған контент стратегиясы бойынша директоры болып табылады. 1996 жылы жақында тіркелген фармацевт ретінде Бакстер өзінің мансабын Англиядағы ауруханада фармацевт ретінде бастады.

2000 жылы Бакстер Дерби Университеті мен NHS Trust Оңтүстік Дербишир аралдық ауруханалары арасында ортақ ұстаным – білім және ғылым саласындағы аға фармацевт болды. 2011 жылы Бакстер BNF директоры болды. Оның жақындағы жеткен жетістіктерінің бірі - кітап форматындағы аударылатын контенттен қосымшаларда қолжетімді болатын контентке дейін аудармаға арналған BNF қосымшасының соңғы шығарылымы болып есептеледі.

   
 -  

Доржсурэн Баярсайхан, ДДСҰ басқару және қаржыландыру жөніндегі денсаулық сақтау жүйесі Департаментінің денсаулық сақтау жүйелері төлемдері (P4H) бойынша денсаулық сақтау жүйесі Координациялық орталығының аға кеңесшісі үйлестіру орталығының  аға медициналық консультанты.

Доктор Доржсурэн Баярсайхан Женевада ДДСҰ штаб-пәтерінде денсаулық сақтау жүйесі Департаментінің басқару және қаржыландыру үшін денсаулық сақтау облысында (P4H) серіктестік, үйлестіру және қызмет көрсету төңірегінде жұмыс істейтін денсаулық сақтау жүйелері жөніндегі аға кеңесші болып табылады. Бұрын сол бөлімде денсаулық сақтау саласындағы қаржыландыру саясатын жүргізетін медициналық экономист болып жұмыс істеді. 2012 жылға дейін ол ДДСҰ-ның Филиппиндегі Тынық мұхитының батыс аймағының Аймақтық бюросында денсаулық сақтауды қаржыландыру бойынша топ жетекшісі және аймақтық кеңесші болып қызмет атқарды. ДДСҰ-ға келгенге дейін, ол Моңғолия Үкіметінің әртүрлі басшылық қызметтерінде, оның ішінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі Мемлекеттік комитетте, жоспарлау және экономикалық даму жөніндегі Мемлекеттік комитетте және Денсаулық сақтау министрлігінде жұмыс істеді. Денсаулық сақтау министрінің орынбасары бола тұра, ол денсаулық сақтау қаржыландыру, бюджеттік жоспарлау, инвестициялар, Samsung корпорациясымен бірлесе бір реттік шприцтер мен инелер өндіру бойынша бірлескен кәсіпорнын құруды қоса алғанда, Моңғолиядағы міндетті медициналық сақтандыруды енгізу бойынша жұмыстарды басқарған.

   
 -  

Абишев Олжас Амангелдиевич, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігінің вице - министрі.

1983 жылы 14 мамырда Қызылорда қаласында дүниеге келген, қазақ, білімі жоғары, ақпараттық және коммуникациялық инженерия саласындағы доктор (PhD), Қазақстан Республикасындағы инновациялар жөніндегі Президенттік клубтың мүшесі. Қызылорда мемлекеттік университетін «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша, магистратура және докторантураны Андонг Ұлттық Университетінде (Оңтүстік Корея) «Ақпараттық және коммуникациялық инженерия» мамандығы бойынша бітірді. Ақпараттық және компьютерлік коммуникация бойынша бірнеше ғылыми мақалалары бар. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Электрондық денсаулық сақтаудың Республикалық орталығы» ШЖҚ РММ бас директоры лауазымын атқарды. 2018 жылдың маусымынан бастап Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен ҚР Денсаулық сақтау Министрлігінің вице-министрі болып тағайындалды.