Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен өзара іс-әрекеті

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі  "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, 2017 жылғы 30 маусымда «Денсаулық сақтау саласындағы бизнес үшін кедергілерді қайта реттеу, азайту үшін» жобасы бойынша «ДСДРО» РМК денсаулық сақтау саласындағы бастамаларды сүйемелдеу және қайта реттеу қызметінің басшысы мен мамандарының қатысуымен кеңес өткізді.

Жоғарыда аталған жобаның аясында, Министрлік "Атамекен"  Ұлттық кәсіпкерлер палатасына (ҰКП) және Ұлттық денсаулық сақтау палатасына (ҰДСП) денсаулық сақтау саласында заңға тәуелді НҚА ырықтандыру ұсыныстарын енгізу үшін, олардың тізбесін жіберді.

Келіп түскен ұсыныстар негізінен мына сұрақтарға қатысты:

  • перинаталды скрининг, жүкті әйелдер скринингін ұйымдастыру кезінде жекеменшік бизнеске қойылатын шектеулерді алып тастау;
  • АИТВ-инфекциясына антиденелердің болуын анықтау үшін жүргізілетін зертханалық диагностиканы ұйымдастыру кезінде жекеменшік бизнес үшін шектеулерді алып тастау, сондай-ақ АИТВ-инфекциясына ерікті түрде жасырын және (немесе) құпия медициналық зерттеуге, кеңес беруге мүмкіндігі бар тұлғалар шеңберін кеңейту;
  • қуықтың обыр ауруларының зертханалық-диагностикалық зерттеулер  нарығын монополияландыруды жою;
  • қуықасты безі обырының скринингі бойынша және жатыр мойны обырын ерте анықтау үшін гистологиялық зерттеулер өткізуде онкологиялық диспансерлердегі мемлекеттік монополияны жою;
  • жекеменшік бизнеске ИФТ-тест секілді зертханалық диагностика әдісі арқылы мерезді анықтау үшін скринингтік тестілер жүргізуге мүмкіндік беру.

 

  • Жоғарыда көрсетілген ұсыныстарды Министрлік жекеменшік құрылымдар өкілдерімен бірлесіп, талқылады. Ұсыныстардың басым бөлігін Министрлік қабылдады. АИТВ-инфекциясына антиденелердің болуын анықтау үшін жүргізілетін зертханалық диагностиканы ұйымдастыру кезінде жекеменшік бизнес үшін шектеулерді алып тастау, сондай-ақ АИТВ-инфекциясына ерікті түрде жасырын және (немесе) құпия медициналық зерттеуге, кеңес беруге мүмкіндігі бар тұлғалар шеңберін кеңейту жайындағы ұсыныстар бөлек талқыланатын боп шешілді.

 

Қазақстан Республикасының "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұсыныстары

Ұлттық денсаулық сақтау палатасының ұсыныстары

 

"Қазақстанның үшінші жаңғыруы - жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 25-тармағына сәйкес, арнайы сыйақы бекіту арқылы бизнесті оңай жүргізетін өңірлер мен қалалар рейтінгін енгізу қарастырылған.

Ең үздік отандық тәжірибелер негізінде аталған шараларды жүзеге асыруда бизнесті оңай жүргізетін өңірлер мен қалалар рейтінгінің әдістемелері жүзеге асырылады.

Осыған орай, зерттеулерді әдістері мен аспаптары (инструментарийлері) бойынша зерттеуге және шоғырландырылған ұстаным шығаруға жалпы тәсілдерді айқындау анықтау мақсатында 2017 жылы 28 шілдеде Қазақстан Республикасының "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасында «Бизнесті оңай жүргізетін өңірлер мен қалалар рейтінгін қалыптастырудың жалпы тәсілдемелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, оған «ДСДРО» РМК денсаулық сақтау саласындағы бастамаларды сүйемелдеу және қайта реттеу қызметінің басшысы мен мамандары қатысты.

 

Бизнесті оңай жүргізетін өңірлер мен қалалар рейтінгі

 

Сайтқа өту: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ "АТАМЕКЕН" ҰЛТТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ